Автор: apn_admin

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық көлемде аяқталды. Химиялық өңдеу жұмыстары 1,8 млн га алқапта жүргізілді. Барлық жұмыс тиісті сапаны қамтамасыз ете отырып, оңтайлы мерзімдерде орындалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өңдеу жұмыстарына 556 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Зерттеп-тексеру іс-шараларына шамамен 3,5 мың адам қатысты, бұл фитосанитариялық мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін едәуір күшейтті. «Жоғары биологиялық тиімділігі бар пестицидтер қолданылды. Сонымен қатар шегірткеге…

Read More

Соңғы жылдардағы шегірткелердің таралу динамикасын талдау олардың санының өсу үрдісін көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш 2024 жылы тіркеліп, сол жылы 3,1 млн га алқапта қорғаныс іс-шаралары жүргізілді. 2025 жылдан бастап өңдеу көлемінің төмендеу байқалады: 2,7 млн га өңделді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13%-ға аз. Ал, биыл алдыңғы жылғы өңдеу көлемінің 33%-ын құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков хабарлады. Оның айтуынша, зиянкестер санының азаюы Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесі болды. «Бұл нәтижеге өсімдіктерді қорғау жүйесін жетілдіру бағытында қабылданған шаралар елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында техникалық жарақтандыру…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берілді. Жанат Элиманов 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтелгенін жеткізді. Сондай-ақ 7 қылмыстық топтың (оның ішінде төртеуі – трансұлттық топ) және 176 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылғанын атап өтті. Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстату үшін пайдаланылған 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылған. Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топ анықталды. Президентке ТМД елдері аумағында алғаш рет дербес деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен бірлесіп, газ инфрақұрылымын дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыстың кезекті нәтижесі ретінде Қосшы қаласын газдандыру жобасы толық аяқталды. Соның арқасында 72 мыңға жуық тұрғын экологиялық таза отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жобаның екінші және үшінші кезеңдері пайдалануға берілгеннен кейін табиғи газға Қосшы қаласының барлық шағын аудандарының, сондай-ақ «Лесная поляна» тұрғын алабы мен Diamond Park тұрғын қалашығының тұрғындары қол жеткізді. Жобаның соңғы кезеңдерін іске асыру аясында 194 шақырым газ құбыры және 24 шкафтық газ реттеу пункті пайдалануға берілді. Жалпы…

Read More

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері, партия атынан Құрылтайға ұсынылған үміткерлер және медицина қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге акушер-гинекологтар, неонатологтар, реаниматологтар, сондай-ақ орта және кіші буын медицина қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, денсаулық сақтау саласына қатысты көзделген бағыттар жөнінде ақпарат берілді. Кездесу барысында ана мен бала денсаулығын сақтау, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көтерілген сауалдар бойынша пікір алмасты. Кездесу аясында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар таратылды.

Read More

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте егін шаруашылығының қазіргі жағдайы талқыланды. Биыл облыста 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені белгілі. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқарды, бүгінде 70 мың гектар күріш суға толық бастырылған. Жалпы 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы, 873 гектар судан шөбі, 409 гектар сүрлемдік жүгері, 373 гектар…

Read More

Қазақстандағы ағза донорлығы жүйесі 40-тан астам донорлық ұйымды, 5 HLA-зертхананы және 11 трансплантация орталығын біріктіреді. Өткен жылдан бері трансплантация орталықтарының саны 9-дан 11-ге дейін артты. Атап айтқанда, Алматы қаласында бірқатар клиника лицензия алып, жүрек трансплантациясымен айналыса бастады. Сонымен қатар Шымкент, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында өңірлік трансплантация орталықтарының желісі дамып келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситказинов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық жұмысты өңірлерге жетекшілік ететін үш республикалық үйлестірушісі бар Трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жүзеге асырады. Өңірлерде жүйенің жұмысын 20 өңірлік және шамамен 30 стационарлық…

Read More

Қазақстанда соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген азаматтар саны тұрақты түрде артып келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді. Егер 2023 жылы мұндай келісімді шамамен 4,8 мың адам берсе, биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша олардың саны 16,1 мыңға жетті. Сонымен қатар бас тартқандар саны да 33 мыңнан 156 мыңға дейін өсті. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру немесе одан бас тарту туралы шешімді әр азамат өз бетімен қабылдайды. 2026 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша трансплантацияны күту тізімінде 4 739 пациент, оның ішінде 125…

Read More

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту және негізгі инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, Премьер-министрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту және отандық өндірістік қуаттарды кеңейту бағытындағы жобалармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ақтау халықаралық әуежайында Премьер-министрге Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі мен заманауи порт инфрақұрылымының арқасында ТХКБ-ны дамытуда маңызды рөл атқаратын Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуеті туралы баяндалды. Кейінгі үш жылда Қазақстан порттары арқылы контейнерлік транзит көлемі 3,8 есеге артып, 42 мың ЖФЭ-ге дейін жетті. Бұл ретте порттардың жиынтық өткізу қабілеті жылына шамамен 200 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізілді.…

Read More

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына толық сай келеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. 1959 жылы салынған теміржол вокзалы толық жаңғыртылды. Қайта жаңарту нәтижесінде ғимараттың жалпы аумағы екі есеге жуық, яғни 135,7 шаршы метрден 258,3 шаршы метрге дейін ұлғайды. Бір қабатты вокзал ғимараты жолаушылар мен теміржол саласы қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін заманауи инфрақұрылыммен жабдықталды. Қайта жаңарту барысында шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің жұмысы орындалды. Сондай-ақ, перронды қайта жаңарту, іргелес аумақты абаттандыру және заманауи жиһаздарды орнату жұмыстары жүргізілді. Жетісу станциясының теміржол вокзалы 3-санаттағы вокзалға жатады. Станция арқылы күн сайын Алматы, Алтынкөл, Сарыөзек және Қапшағай бағыттарына қатынайтын төрт жолаушылар пойызы өтеді. Вокзалды жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124…

Read More