Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Бұл айтулы күн сабақтастықтың, бірлік пен ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі саналатын сан ғасырлық Норвегия монархиясының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Сіздің қалтқысыз қызметіңіз мемлекетті одан әрі өркендетіп, халықтың игілігін арттыра беретініне сенімім кәміл», деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Президент ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Сондай-ақ Президент теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.

