1 қазан – Қарттар күні қарсаңында «Әділет» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Гүлшат Мұсаева мен қалалық мәслихат депутаты Рүстем Ізтілеуов «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жалғыз тұратын ардагер Гүлжамал Жомартованың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ардагерге партия атынан сыйлық табысталып, жылы лебіздер айтылды. Ал «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қарияның ауласын тазалап, үй шаруасына көмектесті. Гүлшат Мұсаеваның айтуынша, аға буынға құрмет көрсету тек мереке қарсаңында емес, тұрақты түрде жалғасуы тиіс. «Қарияларымыздың өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында үлкендердің жағдайын сұрап қана қоймай, қажет кезінде нақты көмек көрсетуге басымдық береміз. Әсіресе жалғыз…
Автор: apn_admin
Қызылордада 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясының «Үш ұрпақ – Ортақ мұрат» тұжырымдамасы аясында «Сыр сақасы» атты асық атудан облыстық сайыс өтті. Ұлттық ойынға негізделген жарыстың басты ерекшелігі – әр команда құрамында үш буынның өкілі, яғни ардагер, орта буын және бала бірге өнер көрсетті. Шараға барлығы 6 команда қатысты. Үш буын өкілдерінен құралған командалар асық атудан өзара бақ сынап, мергендік пен дәлдіктен шеберліктерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды дәріптеу ғана емес, аға буынның тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту. «Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ…
Қызылорда облысында 214 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олардың құрамында 54 мыңнан астам партия мүшесі бар. «Әділет» партиясы үшін бұл – жай ғана статистика емес, халықпен тікелей жұмыс істейтін үлкен күш. Бастауыш ұйымдардың жұмысы арқылы партия азаматтардың ұсынысы мен мәселесін жергілікті жерде естіп, оларды шешуге ықпал ете алады,- деп хабарлайды aqparnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Осы бағыттағы жұмысты талқылау мақсатында Қызылордада «Бастауыш ұйым: жаңа серпін — жаңа міндеттер» тақырыбында бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай бастауыш ұйымдардың партия жұмысындағы маңызына ерекше тоқталды. «Кез келген саяси партияның негізгі күші тек орталық немесе өңірлік…
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде өз күшімен жағаға шыққан сарбаздардың бірі Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Айнар Ахметов болуы мүмкін. Оның жағдайына қатысты ақпаратты профессор Дәметкен Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды kznews.kz. Айнар Ахметов Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Тоғанас елді мекенінің тумасы. Оның отбасы қазіргі уақытта сарбаздың жағдайына алаңдап отыр. Сүлейменованың жазуынша, Айнардың әкесі II топтағы мүгедектігі бар азамат, ал анасы денсаулығына байланысты қиындықтары бар көпбалалы ана. Жақындары сарбазбен байланыса алмай отырғанын айтқан. Профессордың мәліметінше, Айнар жақында қарындасымен қысқа уақыт телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында оның дірілдеп, дұрыс сөйлей алмай тұрғаны байқалған. «Ол өз күшімен жағаға аман…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары, спорттық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Өнеркәсіп Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды. Оның құрылысы 2025 жылдың сәуір айында басталды. Бірінші кезеңде шикізатты қайта өңдеу қуаты жылына 500 мың тоннаны құрамақ. Кейіннен 3 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар. Кәсіпорын өнімдері тамақ, фармацевтика және биотехнология салаларына бағытталған. Павлодарда қуаты жылына 150 мың тоннаға дейін жететін автоматтандырылған сұрыптау кешенінің бірінші кезегі пайдалануға…
Қазақстанда дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастырудың жаңа тәсілдері мемлекеттік баға реттеуіне жататын дәрілік препараттардың едәуір бөлігінің құнына әсер етті. 2025 жылғы шекті бағаларды 2024 жылдың соңында бекітілген қолданыстағы бағалармен салыстырмалы талдау нәтижесі бойынша бағаның төмендеуі дәрілік заттардың 3 801 сауда атауын немесе жалпы санының 76%-ын қамтыды. Осы позициялар бойынша бағалар орта есеппен 26,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Тағы 947 позиция бойынша баға өзгерген жоқ, ал тізбе 246 жаңа позициямен толықтырылды. 2026 жылы дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін 2 055 препарат бойынша жаңа бағалар бекітілді: бағалар 16%-ға төмендеді, бекітілген шекті бағалардың жартысында өзгеріс болған жоқ, ал…
Биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Былтыр 726 мың тонна авиаотын өндірілді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып, 2031 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазақстанның азаматтық авиациясының, күштік құрылымдардың, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттіліктері отандық авиациялық отын есебінен толық қамтамасыз етіледі. Жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды.
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды. Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. – Мен қаза болған әрбір әскери қызметшінің ата-анасына көңіл айтып, арнайы жеделхатымды жолдадым. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Олардың ешқайсысы қолдаусыз, көмексіз қалмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы болған оқиғаға қатаң баға берді. Президенттің айтуынша, бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды.…
Қызылорда қаласында қазақтың дәстүрі мен ұлттық өнері тоғысқан ерекше мәдени шара өтті. «Ұлттық рух пен өнердің ордасы – Қызылорда» атты этнофестивальде ұрпақтан-ұрпаққа жеткен салт-дәстүрлер жаңғыртылып, Сыр бойының өнері мен ұлттық мәдениеті кеңінен дәріптелді. Фестиваль аумағына енген сәттен-ақ қазақы орта көзге түсті. Домбыра үні, ұлттық киім киген өнерпаздар, қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі тұрмыс көріністері бір арнаға тоғысып, келушілерді халқымыздың өткеніне жетеледі. Шараның басты ерекшелігі – көп жағдайда кітаптан немесе үлкендердің әңгімесінен ғана көретін дәстүрлердің сахналық көрініс ретінде қайта жаңғыруы болды. Қазақ келіндерінің сәлем салуы, күбімен айран пісу, жүн сабау, киіз басу, ұршық иіру, диірмен тартып, тары түю сияқты ұлттық…
Қызылордада қала дамуының бірнеше бағыты қатар жүріп жатыр. Жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары құрылып, тұрғын үй құрылысы кеңейіп, осы өзгерістерге сәйкес көлік инфрақұрылымы да жаңаруда. Яғни қалада салынып жатқан нысандар бір-бірінен бөлек жобалар емес, біртұтас урбанистік өзгерістің бөліктеріне айналып келеді. Бұл үдерістің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – инвестиция. Қала экономикасына тартылған қаржының бір бөлігі жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталуда. Соның нәтижесінде жолаушылар вагондарын жөндеу және қызмет көрсету кешені, санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын Roca Kazakhstan зауыты, шыны ыдыс өндіретін Seven Rivers Technologies кәсіпорны секілді жобалар жүзеге асуда. Мұндай өндірістердің пайда болуы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, қаланың экономикалық белсенділігін арттыруға…
