Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманы сапалы дайындауға арналған жұмыс кеңесін өткізді. Жиында ұлттық команданың құрамын қалыптастыру, спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басым спорт түрлеріндегі дайындықты тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Биылғы Азия ойындары бағдарламасына 43 спорт түрі енген. Спортшылар 438 медаль жиынтығын сарапқа салады. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан құрамасынан Азиадаға 30-дан астам спорт түрінен 500-ге жуық спортшы қатысады. Министрлік ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып дайындық жоспарын жасады. Онда оқу-жаттығу жиындарын өткізу, халықаралық жарыстарға қатысу, сондай-ақ спортшыларға медициналық, ғылыми…
Автор: apn_admin
Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру…
Қазақстан Республикасы Үкіметі ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жоспарда тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, материалдық емес мәдени мұраны қолдау, мамандарды даярлау және Қазақстанның осы саладағы халықаралық бағдарламалар мен бастамаларға қатысуын кеңейту жөніндегі нақты шаралар көзделген. Негізгі міндеттердің қатарында дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау сапасын арттыру, Қазақстанның мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде ілгерілету, сараптамалық және білім беру базасын дамыту, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау ісіне қоғамды белсенді тарту іс-шаралары бар. Кешенді жоспар үш негізгі бағытты қамтиды: материалдық мәдени мұра нысандарын сақтау және насихаттау, қазақ…
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік құрылыс нысандарының сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері талқыланды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров баяндады. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша негізгі 9 көрсеткіштің 6-ы бойынша оң өсім қалыптасқан. Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және тұрғын үйді пайдалануға беру бағыттарында жыл қорытындысына дейін көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері қосымша резервтерді анықтау…
Жетісу өңірінде туризм саласы ерекше назарда. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 53 млрд теңге бөлінді. 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме ашылды. Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Биыл жаңа «Ақши-Бескөл» электр желісі және қосалқы станциясы іске қосылды. «Жағалауды нығайту бөгеттерінің және кәріз тазарту құрылғысының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардың құрылысын 2027 жылы аяқтау үшін республикалық бюджеттен қалған қаражат бөлінуі қажет. Балқаш көлінің жағалауына…
Достық үйінің концерт залында облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен дәстүрлі «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, әскери қызметшілер және қала тұрғындары қатысты. Достық үйінің фойесінде фотосуреттер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Фестиваль барысында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Рахима Ахметова құттықтау сөз сөйлеп, «Славяне» орталығының достық пен бірлікті сақтау және нығайту жолындағы еңбегіне ризашылықтарын білдірді. Концерттік бағдарлама аясында қала мектептерінің оқушылары мен «Анар Бэби» балаларды…
Қызылорда қаласында көптен бері шешімін күткен маңызды мәселе — Сабалақ елдімекені табиғи газға қосылуда. Бұл жаңалықты Сабалақ тұрғындары аса зор қуанышпен қабылдап жатыр. Қала маңында орналасқан Сабалақ елдімекенінде халық саны жыл сайын артып, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда және соңғы 3 жылдың ішінде 5 млрд. теңге жуық қаржыға ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде жол, жарық, ауыз су желісі тартылып, бірқатар көшелерге жарықтандыру жүргізілді. Қоғамдық көлік қатынасы реттелді. Осы жұмыстармен қатар, тұрғындардың басты сұранысы табиғи газ мәселесін шешу болатын. Аймақ басшысы халықтың сұранасын қанағаттандыру мақсатында тиісті салаға мәселені жедел шешу туралы тапсырма беріп, демеушілік есебінен 53 млн.…
Қызылорда қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының қорытынды іс-шарасы өтті. Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директор орынбасарлары, қызметкерлері және «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қатысты. Шараның модераторы – ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілділігінің төрайымы Елена Пак алғы сөзімен ашты, аймақтық «Ассамблея жастары» ұйымымен 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндамасы жасады. Одан кейін қатысушылар ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевтың бейнеқұттықтауы көрсетілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға бейнешолу жасалды. «Қоғамдық келісім» КММ директор орынбасары Руслан Құрманов шараны қорытындылады. Жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара барысында белсенді жастар…
Биыл Қызылорда полицейлері есірткіні заңсыз жарнамалау бағытында прокуратура органдарымен бірлесіп қылмыстық істер шеңберінде екінші деңгейлі банктердегі 1100 есепшоттан жалпы сомасы 90 миллион теңгені бұғаттауға қойды. Жеке құрам есіткімен күресті үздіксіз жүргізіп келеді. «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1500 сайт енгізіліп, бұғатталған. Прокуратура органдарының қызметкерлері «Amanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығынан есірткі жарнамасы бар 100 граффити жазуларды жойды. Жақында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына граффити жазуларын жарнамалап жүрген тұрғын ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 299-1 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Халықтың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында…
