Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығында ардагерлермен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясының Жаңақорған аудандық сайлауалды штабының мүшелері қатысып, кездесуге елген ардагерлерге сайлауалды бағдарламасын танысытырды.
Кездесуге аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Нұрхан Айдаров, штаб мүшелері Ерғали Илиясов, Асылжан Жолдасбеков және Нұрмұқасан Әуезхан қатысты.
Жүздесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан қоғамдық және саяси үдерістер, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын тақырыптар сөз болды.
Ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар өңірдің дамуына, әлеуметтік мәселелерге және тұрғындардың өмір сүру сапасына қатысты ойларын білдірді.
Кездесу соңында қатысушылар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ұсыныстары қоғам үшін құнды екеніне тоқталды. Сондай-ақ мұндай жүздесулер тұрғындармен кері байланысты нығайтуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретіні айтылды.


