Жалағаш ауданында «Әділет» партиясының республикалық, Қызылорда облыстық және аудандық сайлауалды штабтарының мүшелері, Құрылтайға үміткерлер Мұрат Әбенов, Серік Қожаниязов және Мағжан Ералиев ауданның кәсіпкер әйелдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Әңгіме барысында кәсіпкер әйелдердің өңір экономикасындағы орны, бизнесті жүргізу тәжірибесі, кәсіп ашу кезінде кездесетін түйткілдер және оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысты қолданыстағы тетіктер мен ұсыныстар талқыланды.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Еркін өткен жүздесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, көтерілген мәселелерге қатысты жауаптар берілді.

