Автор: apn_admin

Ардагерлерге қамқорлық жасау – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс орталық және жергілікті деңгейде кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мереке аясында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден (10 мың доллардан астам) төленді. Жалпы алғанда, әкімдіктер тарапынан берілген мерекелік төлемдер 32,9 мың адамды қамтыды. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар бар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, жарақат, контузия…

Read More

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. – Қос мерекенің мән-мазмұны – үндес, тағылымы – ортақ. Осы мейрамдарда еліміздің ерлік дәстүрі кеңінен дәріптеледі. Біз бұл күндері жұртымызға қорған болып жүрген ерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз. Қазақ – шекарасын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бекемдеген қаһарман халық, ержүрек ұлт. Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір Тудың астына жиналған. Бірлігін нығайтып, жұртын жаудан қорғаған. Байтақ даланы көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманат еткен. Осы аманатқа…

Read More

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ауқымды стратегия жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттар ретінде ет өндірісін дамыту, құс шаруашылығын өркендету, сүт фермаларын салу, сондай-ақ суармалы жерлерді тиімді пайдалану белгіленген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. 2031 жылға дейін өңірдегі инвестициялық жобалар тізіміне жалпы құны 254 млрд теңгені құрайтын 90 бастама енгізілген. Жобалардың қатарында Бесқарағай ауданында жылына 150 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу қарастырылған. Инвестиция көлемі 5,5 млрд теңгені құрайтын нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сүтті мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Жарма ауданында 600 басқа арналған…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, елімізге Аустрия министрлерімен бірге іскерлік орта өкілдерінен құралған делегацияның келуі маңызды екенін атап өтті. – Аустрия Үкіметінің екі бірдей министрінің елімізге сапармен келуі өзара ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі. Сіздердің экономикамызға құйған инвестицияларыңыз 3 миллиард доллардан асты, сондай-ақ сауда айналымының көлемі ұлғайып келеді. Бұл өте жақсы үрдіс. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЕҚЫҰ аясында тығыз қарым-қатынас орнаттық. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да…

Read More

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.

Read More

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жиында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады. Премьер-министр өткен жылу беру маусымы аса бір қауіпті апаттық жағдайларсыз аяқталғанын атап өтті. Электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны  былтырмен салыстырғанда 15%-ға азайды. 17 мың МВт электр энергиясы өндіріліп, тарихи ең жоғары деңгейге қол жеткізілді. Бұл – өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда  7%-ға жоғары.…

Read More

Жоғары технологиялық медицинаны дамыту және балалар денсаулығы саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасады. Негізгі назар заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге, медициналық жабдықтарды жаңартуға және бизнес құрылымдармен әріптестікті кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды. Бұл орталықта жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен келген 7 мыңнан астам бала медициналық көмек алады. Орталықта жоғары технологиялық медициналық көмектің 16 түрі көрсетіледі. Мұнда заманауи хирургиялық және диагностикалық технологиялар, соның ішінде аз инвазивті операциялар, лазерлік емдеу әдістері, жоғары дәлдіктегі КТ…

Read More

GITEX AI халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Dornan Engineering Group пен Ample Solutions Hong Kong (Turner Company) компанияларынан құралған халықаралық консорциуммен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Меморандум аясында Қазақстан аумағында Tier III–Tier IV деңгейіндегі жоғары сенімді деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) салу жобасын іске асыру көзделген. Нысанның жоспарлы қуаттылығы 50-ден 200 МВт-қа дейін жетеді. Қуаттылығы 200 МВт (Tier IV деңгейі) болатын дата-орталық құрылысына тартылатын инвестицияның болжамды көлемі 1,5-3 млрд АҚШ долларын құрайды. Жобаны тұрақты және дербес энергиямен қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы 250 МВт-қа дейін болатын газ электр станциясын салу жоспарланған.…

Read More

Кездесу барысында Қазақстанда толық өндірістік цикл жолға қойылған мақта-мата кластерін жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Президентке жобаның импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтып, ішкі нарықты бәсекеге қабілетті отандық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды. Чжан Цихай Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде бірнеше нысан, соның ішінде екі мақта өңдеу зауыты қолданысқа берілгенін айтты. Таяу жылдары синтетикалық мата материалдарын, тоқыма және киім өндіретін нысандарды іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру арқылы мақта егістігін 52 гектарға дейін ұлғайтуға болады. Егін шаруашылығына цифрлық технологиялар мен тамшылатып суару секілді инновация пайдаланылады. Мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.…

Read More