Жалағаш ауданында үгіт жұмыстарымен болған «Әділет» партиясынан Құрылтайға үміткерлер Мұрат Әбенов, Серік Қожаниязов және Мағжан Ералиев Жалағаш ауданыдағы іскер әйелдермен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды жеткізді.
Атап айтқанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мәселен, Құрылтай үміткер Мұрат Әбенов кәсіпкер әйелдердің ел экономикасын дамытудағы рөлін атап өтіп, әділетті қоғам құрудың басты тетіктерінің бірі – еңбек етіп, кәсіп ашып жүрген азаматтардың бастамаларын қолдау, олардың ұсыныстарын нақты шешімдерге айналдыру және бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру екенін жеткізді.

Үміткер Серік Қожаниязов әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік беру және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру партия жұмысының маңызды бағыттарының бірі екенін айтты. Ол партия кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын дамытуға басымдық беретінін атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, талап — тілектерін білдірді.
Үмткер Мағжан Ералиев айтылған ұсыныстар алдағы жұмыстарда міндетті түрде ескерілетінін жеткізіп, әлемді тербеткен аруларды «Әділет» партиясын қолдауға шақырды.


Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров

