Қызылорда қаласында «Қызылорда Тазалығы» ЖШС ұжымымен кездесу өтіп, коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбек жағдайы, өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік қолдау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Кездесуге «Әділет» партиясының облыстық және қалалық сайлауалды штабтарының өкілдері қатысты. Жүздесу барысында еңбек адамын қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бастамалар жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу барысында коммуналдық қызмет саласының бүгінгі жай-күйі мен еңбеккерлердің күнделікті қызметінде кездесетін мәселелер де талқыланды. Қатысушылар қаланың тазалығын сақтау тек коммуналдық мекемелердің ғана емес, барлық тұрғындардың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Жиында сөз сөйлеген облыстық штаб өкілі Асхат Шәукенбаев еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
Өз кезегінде «Қызылорда Тазалығы» ЖШС қызметкерлері еңбек процесінде кездесетін өзекті мәселелерді ортаға салып, жұмыс жағдайын жақсарту, өндірістік қауіпсіздікті күшейту және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, коммуналдық сала қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.


