Бүгін қала әкімі Нұржан Сәбитұлы Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Қала басшысы «Құзыреттілік орталығында» орналасқан №222 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Қала әкімі сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
«Бүгінгі сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды сәт. Халықтың белсенділігі – ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан барша тұрғындарды өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, сайлауға белсенді қатысуға шақырамын», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Қала тұрғындары да сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық таңдауын жасауда.

