Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер Серік Қожаниязов пен Мұрат Әбеновтің қатысуымен кездесу өтті.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бағыттар таныстырылды. Атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, құқықтық тәртіп, тұрғын үй саясаты, өңірлерді дамыту, кәсіпкерлік және еңбек қатынастарына қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында құқықтық тәртіпті жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрғын үймен қамту мәселелері жөніндегі бағдарламада қарастырылған ұсыныстар таныстырылды. Сондай-ақ өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікке түсетін әкімшілік жүктемені азайту және еңбек саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру мәселелері сөз болды.

Бағдарламада тұрғын үймен қамту көрсеткішін адам басына шаққанда 30 шаршы метрге жеткізу, өңірлердің дербестігін кеңейту, моноқалалар мен шекара маңындағы аумақтарды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек қатынастарына цифрлық мониторинг енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылғаны айтылды.
Кездесуде орталық қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету саласына қатысты мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Талқылау барысында әлеуметтік сала мамандарының еңбек жағдайы, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы және саладағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды.


