Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері, партия атынан Құрылтайға ұсынылған үміткерлер және медицина қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге акушер-гинекологтар, неонатологтар, реаниматологтар, сондай-ақ орта және кіші буын медицина қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, денсаулық сақтау саласына қатысты көзделген бағыттар жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу барысында ана мен бала денсаулығын сақтау, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көтерілген сауалдар бойынша пікір алмасты.
Кездесу аясында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар таратылды.


