Қызылордадағы №3 қалалық емханада «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы сайлауалды штабының мүшелері мен партия атынан Құрылтайға ұсынылған үміткерлер емхана ұжымымен кездесті.
Басқосу барысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы мәселелер сөз болды.
Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар мемлекеттік басқару тиімділігі, экономикалық даму және әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер қозғалды.
Кездесу соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады.


