Автор: apn_admin

Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Айта кетейік, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігін нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады.

Read More

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктерге тоқталды. «Республикалық ардагерлер кеңесі көшпелі отырысының Қызылордада өтуіне бастама көтеріп, шақыртуымызды қабыл алған баршаңызға Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінде аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда. Президентіміздің өңірдің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы Сыр халқы…

Read More

Шығыс Қазақстан облысында туризм мен заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Жаңа әуежайлар мен жолдар салынып жатыр, тау шаңғысы саласына назар аударылып, халықаралық маршруттар іске қосылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әкім Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді. Туризм саласында төрт негізгі кластерді дамыту жоспарлануда: Катонқарағайдағы wellness-туризм; Марқакөлдегі экологиялық туризм; Риддердегі тау шаңғысы туризмі; Өскеменде және оған жақын аудандардағы демалыс туризмі. «Қыстың ерте келуі және көп қар мөлшері аймақтағы тау шаңғысы саласының дамуына ерекше мүмкіндік береді. Риддер маңында «Анатау» жыл бойы жұмыс істейтін кешені салынып жатыр, ол тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығы болады. Халықаралық қонақ үй компаниясы PanaAsia…

Read More

Ауыл шаруашылығы – ШҚО экономикасының стратегиялық мәні айрықша саласы. Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетуде. Астық өнімі 101,5%-ға, майлы дақылдар – 107%-ға артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі 66%-дан 71%-ға дейін өсті. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-ы өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Агроөнеркәсіп кешенінде сыртқы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Қытай, Ресей және Өзбекстанмен өзара іс-қимыл жолға қойылған. «Біз ірі қытайлық сауда компанияларымен, жалпы құны – 50 млн АҚШ долларына май өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасастық. Сол сияқты мал шаруашылығы өнімін Қытай нарығына…

Read More

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2,3 мың пәтерге арналған 29 көпқабатты үй, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 350 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар да іске асырылып жатыр. Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жыл соңына дейін 8 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл 4 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. «Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатқа биыл бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы…

Read More

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, басқа өңірлерден келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам белсенділері, Еркін Нұржанұлының қарындасы Күләш Нұржанқызы қатысты. Аймақ басшысы қайраткердің Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Еркін Нұржанұлы – білімділігімен, халықшыл мінезімен, биік парасатымен ел дамуына зор үлесін қосқан заңғар тұлға. Ұлтымыздың талантты перзентінің есімі Сыр жұртшылығының есінде табандылығымен, адалдығымен, іскерлігімен сақталды. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысындағы МТС-тің бас агрономдығынан…

Read More

Кейінгі жылдары Сыр өңіріндегі өрісті бастамалар туралы жұрт лебізін жиі естиміз. Аз уақыт ішінде қай сала бойынша да көш басына шыққан аймақта тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар да нәтижесіз емес. Жұрт игілігіне жарайтын жобалар жүзеге асып жатқан өңірдегі оң өзгерістер туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тарата айтты. – Нұрлыбек Машбекұлы, Мемлекет басшысы жақында облысқа жұмыс сапары бары­сында өндіріс, мәдениет, спорт нысандарымен, аймақ инфра­құрылымын дамыту жұмы­сы­мен танысып, оң баға берді. Осы ретте Президент өңірде инвес­тициялық ахуалды жақсартып, бизнеске қолайлы жағдай жасау­ды жалғастыруды тапсырды. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Мемлекет басшысының әр сапары бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Президентіміз жұмыс сапарын «Қорқыт…

Read More

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли мен «Zhongwei Xinneng» технологиялық компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь өңірде қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды. Жобаның жоспарланған жалпы инвестиция көлемі 880 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба іске асқан жағдайда аймақтың энергетикалық инфрақұрылымы жаңарып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Әкімдік тарапынан жер учаскелерін бөлу, рұқсат беру рәсімдерін жеделдету және қажетті әкімшілік қолдау көрсету қарастырылған. Сонымен қатар, жұмысты үйлестіру мақсатында екіжақты жұмыс тобы құрылатын болады. Аймақ басшысы баламалы энергия жобасы облыс үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Екі елдің Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин…

Read More

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлымен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Абай облыстық филиалының жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды бірлесе іске асыру, өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері жан жақты талқыланды. Рауан Кенжеханұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметін, жобаларын таныстырып, қазақ тіліндегі контентті дамытуға, қазақ тілінде жасанды интеллектінің дәл және сапалы жұмыс істеу әлеуетін арттыруға, мемлекеттік тілдің интернетте, әлемдік цифрлық платформаларда және Google жүйесінде қолданысын кеңейтуге, білім саласын цифрландыруға қатысты ойларын ортаға салды. Аймақ басшысы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер мен бастамалардың маңызын атап өтіп, жұмыс барысында назарға алынатынын айтты.

Read More

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында жалпы құны 54 млрд теңгеден асатын 7 ірі жоба қаралды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы жаңа өндірістерді іске қосуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған. Отырыста ұсынылған жобалар Семей қаласы, Жарма, Жаңасемей, Бородулиха және Аягөз аудандарында жүзеге асырылмақ. Инвесторлар гастро-парк ашу, ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркін салу, дәнді дақылдар мен күнбағысты тамшылатып суару арқылы өсіріп, қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу негізінде жемдік қоспа шығару, қойма логистикасын дамыту, қонақүй кешендерін салу сияқты жобаларын таныстырды. Аталған жобалар жүзеге асқанда…

Read More