Автор: apn_admin

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд кВт·сағ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары. 2026 жылға арналған болжам бойынша ЖЭК өндірісі 8,8 млрд кВт·сағ деңгейінде күтілуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 жаңа ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 гидроэлектр станциясы бар. ЖЭК-тің электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7%-ға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Еліміз таза энергетика секторын…

Read More

Астанада «Жасыл Ел» жобасы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Нұра-Есіл каналының жағалауында ауқымды экоакция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара аясында 50-ден астам Жасыл Ел жастары Нұра өзенінің бойын қоқыстан тазартып, аумағын тазалап, қоқыс жинады, санитарлық тазалық жұмысын жүргізді. «Бұл акция арқылы көктемгі сенбіліктерге серпін беріп, табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Мұндай игі бастамалар әсіресе жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғамға деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді «Жасыл Ел» жобасының орынбасары Асылбек Абдурашитов. Биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XXIІ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 5200-ден астам 14…

Read More

Ардагерлерге қамқорлық жасау – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс орталық және жергілікті деңгейде кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мереке аясында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден (10 мың доллардан астам) төленді. Жалпы алғанда, әкімдіктер тарапынан берілген мерекелік төлемдер 32,9 мың адамды қамтыды. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар бар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, жарақат, контузия…

Read More

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. – Қос мерекенің мән-мазмұны – үндес, тағылымы – ортақ. Осы мейрамдарда еліміздің ерлік дәстүрі кеңінен дәріптеледі. Біз бұл күндері жұртымызға қорған болып жүрген ерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз. Қазақ – шекарасын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бекемдеген қаһарман халық, ержүрек ұлт. Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір Тудың астына жиналған. Бірлігін нығайтып, жұртын жаудан қорғаған. Байтақ даланы көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманат еткен. Осы аманатқа…

Read More

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ауқымды стратегия жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттар ретінде ет өндірісін дамыту, құс шаруашылығын өркендету, сүт фермаларын салу, сондай-ақ суармалы жерлерді тиімді пайдалану белгіленген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. 2031 жылға дейін өңірдегі инвестициялық жобалар тізіміне жалпы құны 254 млрд теңгені құрайтын 90 бастама енгізілген. Жобалардың қатарында Бесқарағай ауданында жылына 150 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу қарастырылған. Инвестиция көлемі 5,5 млрд теңгені құрайтын нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сүтті мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Жарма ауданында 600 басқа арналған…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, елімізге Аустрия министрлерімен бірге іскерлік орта өкілдерінен құралған делегацияның келуі маңызды екенін атап өтті. – Аустрия Үкіметінің екі бірдей министрінің елімізге сапармен келуі өзара ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі. Сіздердің экономикамызға құйған инвестицияларыңыз 3 миллиард доллардан асты, сондай-ақ сауда айналымының көлемі ұлғайып келеді. Бұл өте жақсы үрдіс. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЕҚЫҰ аясында тығыз қарым-қатынас орнаттық. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да…

Read More

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.

Read More

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жиында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады. Премьер-министр өткен жылу беру маусымы аса бір қауіпті апаттық жағдайларсыз аяқталғанын атап өтті. Электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны  былтырмен салыстырғанда 15%-ға азайды. 17 мың МВт электр энергиясы өндіріліп, тарихи ең жоғары деңгейге қол жеткізілді. Бұл – өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда  7%-ға жоғары.…

Read More

Жоғары технологиялық медицинаны дамыту және балалар денсаулығы саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасады. Негізгі назар заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге, медициналық жабдықтарды жаңартуға және бизнес құрылымдармен әріптестікті кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды. Бұл орталықта жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен келген 7 мыңнан астам бала медициналық көмек алады. Орталықта жоғары технологиялық медициналық көмектің 16 түрі көрсетіледі. Мұнда заманауи хирургиялық және диагностикалық технологиялар, соның ішінде аз инвазивті операциялар, лазерлік емдеу әдістері, жоғары дәлдіктегі КТ…

Read More