Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2025-2026 оқу жылында әлемнің 88 елінен келген 35 075 шетелдік студент білім алды. Бұл көрсеткіш алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Шетелдік студенттер санының артуы Қазақстанның Орталық Азиядағы білім беру орталығы ретіндегі халықаралық тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Жоғары білімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын 100 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстанда білім алуға деген қызығушылықтың артуына білім беру қызметтерінің…
Автор: apn_admin
Адам саудасының құрбандары босатылғаннан кейін қауіпсіз орналастыруды, медициналық және психологиялық көмекті қоса алғанда, кешенді қолдауға мұқтаж. Оларды қалпына келтіру қылмыстың жолын кесуден кейінгі маңызды кезеңге айналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Халықаралық көші-қон ұйымының/ ҚР-дағы БҰҰ көші-қон агенттігінің адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Әлия Белоносова мәлімдеді. «Адам саудасы құрбандары оқиғаларының артында көбінесе адамның жеке өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетін ұмтылысы тұрады. Адамдар жақсы өмірдің мүмкіндіктерін іздейді, жұмыс іздейді, бұл білім алу болуы мүмкін, бұл отбасы үшін мүмкіндіктерді өзгертуге қатысты оқиға болуы мүмкін. Дегенмен, жұмысқа арбайтындар мен адам саудалаушылар тура осы ұмтылыстарды пайдаланып, адамдардың аса осалдығын,…
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2027–2029 жылдарға арналған жаңа ұлттық іс-қимыл жоспарын дайындауға сараптамалық қолдау көрсетуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің бағдарламалық маманы Дина Джузбаева хабарлады. Оның айтуынша, қанаудың жаңа түрлеріне, соның ішінде цифрлық ортамен байланысты қатерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Офис мемлекеттік органдарға осы мәселе бойынша сараптамалық көмек пен талдау материалдарын ұсынады. Жұмыстың басты бағыттарының бірі – адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесіне тартылған мамандардың кәсіби даярлығын арттыру. Офис полиция, прокуратура, дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен заңгерлік қоғамдастық өкілдері үшін практикаға бағытталған тренингтер мен симуляциялар өткізеді. Оқытуда заманауи тергеу әдістемелері мен…
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Тараптар бүгінде қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету перспективасын талқылады. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібінде өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін…
Қызылордадағы №3 қалалық емханада «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы сайлауалды штабының мүшелері мен партия атынан Құрылтайға ұсынылған үміткерлер емхана ұжымымен кездесті. Басқосу барысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы мәселелер сөз болды. Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар мемлекеттік басқару тиімділігі, экономикалық даму және әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер қозғалды. Кездесу соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады. Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды. «Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз. Баршамызға белгілі, «Казстройподряд» – халықаралық деңгейде танылған, күрделі құрылыс жобаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан бірегей компания. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз Қызылорда қаласында заманауи сауда-ойын-сауық кешенін салуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Облыс әкімдігі жер телімі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен келісу…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады. Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Жоба аясында екі карьер, екі тау-кен байыту фабрикасы және кейіннен металлургиялық зауыт салу жоспарланған. Өңір басшысы облыс әкімдігі тарапынан жоба «Жасыл дәліз» тетігіне енгізілгенін айтып, оны іске асыру барысында қажетті әкімшілік қолдау көрсетілетінін, жан-жақты сүйемелденетінін жеткізді. Өз кезегінде компания басшылығы жобаны іске асырудың қазіргі…
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автокөлік жасау саласын дамыту мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы өңірдің автомобиль жасау өндірісіндегі бастамалар мен мәселелерге тоқталды. Еске салсақ, Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту, оның ішінде отандық машина жасау саласын қолдау жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Өңірде толық циклді автомобиль шығаратын кәсіпорын болмаса да, жүк вагондарын жөндеу және қосалқы бөлшектер өндіруде тиісті жұмыс өз деңгейінде атқарылуда. Мәселен, сала кәсіпорындары бірінші жартыжылдықта 12 млрд теңгеге қызмет көрсетіп, негізгі өсім 9,9 пайыз болған. «Келесі міндетіміз – жөндеу жұмыстарынан өнеркәсіптік өндіріс деңгейіне…
Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан. Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған. Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысының экономикалық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Жоспарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Құжаттың негізгі мақсаты – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, бизнесті жүргізудің ашықтығын арттыру және кәсіпкерлерге қосымша міндеттемелер жүктемей-ақ бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту. Кейінгі жылдары Қазақстан көлеңкелі экономиканы қысқартуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Елімізде 20 ақпараттық жүйе енгізіліп, жаңғыртылды, айналымы 2 трлн теңгені құрайтын интернет-казиноның қаржылық инфрақұрылымының қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ 360 млрд теңге…
