Еліміздің экономикалық саясатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл әлемдік қаржы жүйесінің оң көзқарасын қалыптастыруда. Мысалы, Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасын әртараптандырудың ықпалын бағалады. Онда өңдеу өнеркәсібінің дамуы ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, оны сыртқы шикізат нарығындағы ахуалға тәуелділіктен біртіндеп арылтатыны айтылған. Сарапшылардың бағамдауынша, Үкімет елдің заманауи индустриялық қаңқасын қалыптастыру үшін берік негіз қалап келеді. Яғни, Еуразиялық даму банкінің Салалық талдау орталығының басшысы Арман Ахунбаевтың пікірінше, мықты өнеркәсіп экономиканы «орта табыс тұзағынан» шығарудың негізгі тетіктерінің бірі екен. — Қазақстан қазірдің өзінде жоғары табысты елдер санатына өтуге өте жақын. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 13 740…
Автор: apn_admin
Желіде Махамбет Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Нұрлан Серғалиевтің ұсталғанын растады. Комитеттің мәліметінше, ректорды 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстаған. Филармонияның сотталған экс-директоры Алматыда ақша айырбастау пунктіне ұрлыққа түстіОқыңыз “Тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Университет заң аясында тергеу жүргізіп жатқан мемлекеттік органдарға қажет қолдау көрсетіп жатыр”, – делінген хабарламада. Оған қоса министрдің…
Бұған дейін Алматы облысындағы энергетикалық мәселелер туралы бірнеше рет жазғанбыз. Оның ішінде өңірдегі ғана емес, тұтас еліміздегі озық жобалардың бірі ретінде қабылданған Алтау қаласының дамуы да дәл осы энергетика мен инфрақұрылым жүйесіне тікелей тәуелді екені айтылған. Болжам бойынша, Алатау қаласы Қазақстанның жаңа экономикалық орталығы болуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны » бір қаланың болашағы ғана емес, бүкіл елдің стратегиялық маңызы бар жобасы» деп бағалаған. Мемлекет басшысының жоспары бойынша Алатау инвестиция, инновация және іскерлік белсенділіктің жаңа орталығына айналуы керек. Бірақ, «болашақ қаласын» салу үшін алдымен бүгінгі проблемаларды шешу қажеттігі айтпаса да түсінікті. Шамалы уақыт бұрын Президенттің өзі «Алатауды» дамыту жөніндегі кеңесте осы…
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке қарата айтқан «Сізді тыңдасақ, өзіңізден басқаның бәрі кінәлі сияқты…» деген сөзі Үкімет отырысындағы кезекті сын емес екені анық. Бұл Алматы облысындағы энергетика және коммуналдық инфрақұрылым мәселесінің анағұрлым терең екенін білдіреді. Сондай-ақ, Үкімет басшысының сыны жергілікті басқарудың сапасына қойылған нақты баға деуге болады. Өйткені, өңірдегі проблема бір ғана конкурстың кеш өтуімен шектелмейтіні белгілі болып отыр. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 2025 жылдың алғашқы алты айында Алматы облысында 3,4 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілсе, тұтыну 6,1 млрд кВт сағаттан асқан. Яғни, өңір аймақта өндірілген электр энергиясынан шамамен 1,8 есе көп қуат тұтынады. Мұнан бөлек,…
Қызылорда қаласындағы «Ассоль» компаниясында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штабының өкілдері мен сенімді тұлғалары қатысты. Кездесу барысында еңбек қатынастары, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, цифрландыру үдерісі және өндіріс саласының қазіргі жай-күйіне қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар еңбек адамының қоғамдағы орны, еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау, қызметкерлердің денсаулығын қорғау және цифрлық технологияларды өндіріс саласында қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірістік қызметке қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайы, әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыс үдерісін жетілдіруге байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өндіріс саласына қатысты өзекті…
Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Стратегиялық құжатта инфрақұрылымды жаңғыртуға, заманауи әрі экологиялық таза технологияларды енгізуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылған, деп хабарлайды Primeminister.kz. Өткен жылыту маусымы: атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық қаржыландыру…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстарда жаңа инженерлік желілер пайдалануға беріледі, әлеуметтік нысандар ашылып, заманауи туристік инфрақұрылым құрылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қосшы қаласын газбен қамтамасыз ету Ақмола облысының Қосшы қаласында газбен қамтамасыз ету жобасы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. «Сарыарқа» магистральды газ құбырынан тартылған желінің екінші және үшінші іске қосу кешендері ресми түрде іске қосылды, нәтижесінде барлық шағын аудан табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жоба аясында 400 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, 1 блокты және 43 шкафты газ реттеу пункті орнатылды, ал 112 мыңға жуық тұрғын көгілдір…
Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалында реконструкция жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан заманауи көлік торабына айналып, жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасалды. Сондай-ақ инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын қолданыстағы талаптарға толық сәйкестік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Жоба аясында 1965 жылы салынған вокзал ғимаратына кешенді реконструкция жүргізілді. Жаңғырту нәтижесінде нысанның жалпы ауданы 487,4 шаршы метрді құрады. Вокзал қажетті инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған, жолаушыларға қызмет көрсетудің заманауи талаптарына сай келетін бір қабатты заманауи ғимаратқа айналды. Қайта жаңарту барысында шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің жұмысы орындалды. Сондай-ақ, перронды…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды. Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді. Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.\ Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
