2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026) өтті. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Олимпиада екі жарыс күнінен тұрды. Қатысушылар әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алгоритмдік есептерді шешіп, білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды. Қазақстан намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың «Информатика» пәнінен жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған ұлттық құрама қорғады: Еламан Алишер, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы – алтын медаль; Бельгимбаев Амир, Алматы қаласындағы…
Автор: apn_admin
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қолдауының арқасында әзірленген бұл жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жоба Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, қаланы Шардара су қоймасына тәуелділіктен арылтады. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 39,3 шақырымды құрайтын екі магистральдық су құбыры тартылып, таза суға арналған төрт резервуар мен су тазарту қондырғысы салынды. Сондай-ақ бірінші және екінші көтергіш сорғы стансалары бой көтерді. Бұдан бөлек, тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды. «Елді…
Қазақстанның географиялық орналасуы бүгінде елдің басты стратегиялық артықшылықтарының біріне айналып отыр. Соның нәтижесінде көлік-логистика саласы отандық экономиканы әртараптандырудың негізгі драйверіне айналып келеді. Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір ретіндегі рөлін күшейтіп отырған еліміз Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық хаб болуға бағыт алды. Қазірдің өзінде аумақтан арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соңғы жылдары әлемдік логистикалық тізбектердің қайта құрылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырды. Геосаяси өзгерістер жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы бұрынғыдан да өсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік торабына айналдыру міндетін бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл бағыттағы…
Жалағаш ауданында «Әділет» партиясының республикалық, Қызылорда облыстық және аудандық сайлауалды штабтарының мүшелері, Құрылтайға үміткерлер Мұрат Әбенов, Серік Қожаниязов және Мағжан Ералиев ауданның кәсіпкер әйелдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Әңгіме барысында кәсіпкер әйелдердің өңір экономикасындағы орны, бизнесті жүргізу тәжірибесі, кәсіп ашу кезінде кездесетін түйткілдер және оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысты қолданыстағы тетіктер мен ұсыныстар талқыланды. Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Еркін өткен жүздесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, көтерілген мәселелерге қатысты жауаптар берілді.
Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығында ардагерлермен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясының Жаңақорған аудандық сайлауалды штабының мүшелері қатысып, кездесуге елген ардагерлерге сайлауалды бағдарламасын танысытырды. Кездесуге аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Нұрхан Айдаров, штаб мүшелері Ерғали Илиясов, Асылжан Жолдасбеков және Нұрмұқасан Әуезхан қатысты. Жүздесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан қоғамдық және саяси үдерістер, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын тақырыптар сөз болды. Ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар өңірдің дамуына, әлеуметтік мәселелерге және тұрғындардың өмір сүру сапасына қатысты ойларын білдірді. Кездесу соңында қатысушылар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ұсыныстары қоғам үшін құнды…
Биыл Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен республикалық бюджеттен жалпы көлемі 680 млн. теңге қаржы бөлініп, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталған болатын. Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов елді мекендердегі орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарының сапасын бақылап, мердігер мекемелердің жауапты өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Президентіміздің, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан бір мезетте 4 ауылға газ жүргізу жұмыстары бұл ауқымды жобалардың бірі екендігін айтып, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы басты талап екенін ескертті. Сондай- ақ ауылдарды көгілдір отынмен қамту жұмыстарын күзге дейін…
Қазақстанда кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылуда. Бағдарламадағы басты жаңалықтардың бірі – қаржылық қолдау көлемінің едәуір ұлғаюы. Енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) жетеді. Бұл қаражатты қатысушылар жаңа өңірде жеке тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың тек өңір ауыстыруына ғана емес, жаңа жерде жайлы қоныстанып, баспаналы болып, тұрақты өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Мемлекеттік қолдау тек тұрғын үй сертификатымен шектелмейді. Қоныс аударушыларға көшуге арналған субсидиялар төленеді, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындары өтеледі,…
Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын. Бүгінде жоспар толық орындалды. Мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау және жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстар аясында қолға алынуда. Бұл шаралар жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, жерлерді шаруашылық айналымына қайта тартуға және олардың пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету…
Вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында суару маусымына дайындық өткен жылдың соңынан басталған болатын. 2025 жылғы желтоқсан 2026 жылғы қаңтар айларында жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарының қатысуымен бірқатар кеңес өткізіліп, онда алдағы суару маусымының тәуекелдері қаралып, қажетті шаралар айқындалды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2024–2028 жылдарға арналған ылғалсүйгіш дақылдардың, оның ішінде күріштің егіс алқаптарын қысқартуды көздейтін Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, аталған Жол картасында айқындалған егіс…
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында су ресурстарының жағдайы жайында баяндады. Оның мәлімдеуінше, бүгінде еліміздің ірі су қоймаларында 64,2 млрд м³ су жинақталған, бұл олардың жобалық көлемінің 75%-ын құрайды. Сонымен қатар қолда бар су қоры ағымдағы суару маусымының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жеткілікті. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі гидрологиялық жағдайды, су түсімі болжамдарын және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, су қоймаларының жұмыс режимдерін күн сайын реттеп отырады. Мұндай жұмыс тәртібі жағдайдың өзгеруіне жедел ден қоюға және барлық өңірлерде судың тұрақты берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол негізгі бассейндердегі ахуалды…
