Жақында әлеуметтің көңіл күйін көрсететін бір маңызды сауалнама жарияланған еді. Ондағы пікірлер қоғамдағы табысқа деген көзқарастың өзгергенін де аңғартты. Мысалы, Ұлттық статистика бюросының зерттеуіне сәйкес, ел тұрғындарының 28,5 пайызы өзін кедей сезінбеу үшін бір адамға айына кемінде 320 мың теңге қажет деп есептейді екен. Жалпы, бұл көрсеткіш жай ғана сан емес. Ол халықтың күнделікті өмір құнына, баға деңгейіне және қаржылық қауіпсіздікке деген талабын көрсетеді. Өйткені, бүгінгі таңда табыс тек азық-түлік сатып алумен шектелмейді. Тұрғын үй ақысы, коммуналдық төлемдер, көлік шығыны, балалардың білімі, медицина және жинақ жасау мүмкіндігі де отбасы бюджетінің маңызды бөлігіне айналды. Егер бір адамға қажетті табыс 320 мың…
Автор: apn_admin
16-тамыздан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысы екі есеге өседі. Бұл шешім Көлік министрлігінің ақылы жолдарды пайдалану қағидаларына енгізген өзгерістеріне сәйкес қабылданып отыр екен. Ұзындығы шамамен 66 шақырымды құрайтын айналма жол Алматы қаласын толық айналып өтеді. Жолдың негізгі мақсаты халықаралық және республикалық маңызы бар транзиттік көліктерді қала көшелеріне кіргізбей өткізу, мегаполистегі кептелісті азайту, экологиялық жүктемені төмендету және жүк тасымалының уақытын қысқарту болып отыр. Ал жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған еді. Құрылысқа салынған инвестиция көлемі 500 млрд теңгеден асады. Яғни, ҮААЖ Қазақстандағы концессиялық негізде жүзеге асқан ең қымбат көлік жобаларының бірінен саналады. Тарифке оралайық. Енді ҮААЖ жеңіл автокөліктер…
Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Күні кеше Каспий теңізінің түбімен тартылған суасты кабелі Қазақстан жағалауына жеткізілді. Ұзындығы 380 шақырым болатын байланыс желісі Ақтау мен Әзербайжанның Сумғайыт қаласын жалғайды. Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International бірлесіп жүзеге асыруда. Жалпы, бұл байланыс саласындағы кезекті жоба ғана емес, жаңа цифрлық дәліз ретінде Қазақстанның жаңа деректер хабына айналуына мүмкіндік береді деген сенім бар. Сарапшылардың бағалауынша, халықаралық интернет-трафиктің 95 пайыздан астамы су астындағы талшықты-оптикалық кабельдер арқылы тасымалданады. Сондықтан мұндай инфрақұрылымға қосылу мемлекеттердің цифрлық қауіпсіздігі мен экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлардың біріне айналып отыр. Жаңа магистральдың жобалық өткізу қабілеті 400 терабит/секундқа дейін жетеді…
Қызылорда облыстық балалар ауруханасында медицина саласы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынға дәрігерлер, педиатрлар, хирургтер, медбикелер және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Кездесуге «Әділет» партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының өкілдері мен Құрылтайға үміткер Мұрат Әбенов қатысып, денсаулық сақтау саласына қатысты пікір алмасты. Басқосуда балалар медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, медицина кадрларын даярлау және саланың өзге де бағыттары сөз болды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты.
Сыр өңірінің бас шаһары бүгінде тұрақты экономикалық өсім мен кешенді даму кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысының тапсырмалары, Үкіметтің қолдауы және облыс әкімдігінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде Қызылорда қаласында өндіріс, құрылыс, инженерлік инфрақұрылым, кәсіпкерлік пен әлеуметтік салада ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпінін айқын көрсетті. Осы және өзге де маңызды бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында жан-жақты баяндады. Экономикалық өсімнің берік негізі Қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша тұрақты өсім қалыптасты. Өткен жылы қала бюджеті алғашында 73,1 млрд теңге көлемінде…
Үкімет Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару және ел дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда қаласында жаңа емхананы салуға және оны техникалық жабдықтауға 6,5 млрд теңге бөлді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Медициналық нысан қаланың теміржолдың арғы бетіндегі тұрғындары үшін салынып жатыр. Қазіргі жұмыс істеп тұрған емхана 1966 жылы салынған, тозу деңгейі жоғары ғимаратта орналасқан. Жаңа медициналық мекеме пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400-ге дейін науқасты қабылдай алады және ауданның 35 мыңнан астам тұрғынын медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Емхана құрылымы амбулаториялық көмектің негізгі бағыттарын: балалар мен…
Өңір әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес күздік дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады. Бүгінгі күні 1,3 млн тонна астық бастырылды, оның ішінде 890,4 мың тоннасы – бидай. Сонымен қатар көкөніс және бақша дақылдарын жинау жалғасуда. Бүгінгі таңда 339 мың тонна көкөніс пен 140 мың тонна бақша дақылы жиналды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Өңірлердің мәліметіне сәйкес дәнді және майлы дақылдар алқаптарының 99%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жаңа өнімді үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік облыс әкімдіктерімен және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп элеваторларда сақтау орындарын босату жұмыстарын жүргізуде. Qoldau.kz порталының мәліметіне сәйкес лицензияланған…
Мемлекет басшысының электр энергетикасы саласын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Құжат еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетін игеруге бірыңғай ұзақмерзімді тәсілді қалыптастырады. Болашақ нысандарды дайындау кезінде су ресурстарының болуы, энергия жүйесінің қажеттіліктері, техникалық мүмкіндіктер, экологиялық шектеулер және инвестициялар тарту шарттары ескеріледі. Жоспар алты негізгі бағыт бойынша 30 іс-шараны қамтиды. Олардың қатарында өзендердің су теңгерімі мен энергетикалық әлеуетін бағалау, жоспарланған нысандар бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыру, жер учаскелерін дайындау, ГЭС пен гидроаккумуляциялау стансаларының пулын құру, сондай-ақ кадрлық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бар.…
2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Аталған бағдарлама 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ дарынды шетелдік жастарды Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға тартуға бағытталған. 2026 жылы бағдарлама шеңберінде бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға 490 білім беру гранты, магистратура бағдарламалары бойынша оқуға 50 грант, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 10 грант бөлінді. Конкурстық іріктеуге әлемнің 71 елінен 16 098 үміткер қатысты. Қатысушылардың едәуір бөлігін…
Қазақстанда стратегиялық инфрақұрылымдық жоба – Каспий теңізінің түбімен транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, оны пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған болатын. Қазіргі кезең кабельді тасымалдау мен тиеудің практикалық теңіз фазасына бағытталған, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Дайындық кезеңі аясында 2025 жылы камералық және теңіздік инженерлік ізденістер аяқталып, якорь тұрақтары мен әскери оқу-жаттығу аймақтарын айналып өтетін, оңтайлы бағыт анықталды. Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан экологиялық рұқсат алынды. Сонымен қатар Қытайда ROPA типті оптикалық күшейткіштері бар арнайы брондалған кабель өндіріліп, зауыттық тестілеуден сәтті өтті. Одан кейін жоба теңіз жұмыстарының белсенді фазасына көшті.…
