Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі әрі ұзақ жылдар бойы агенті болған Хорхе Месси 68 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Аргентинадағы бірқатар БАҚ хабарлады, деп жазады kznews.kz. Infobae басылымының мәліметінше, Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы сырқаттанып, ем қабылдаған. Алайда оның нақты қандай аурумен ауырғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Басылымдар бұған дейін Лионель Мессидің әкесінің денсаулығына қатысты мәселелер болғанын жазған. Әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матчтан кейін футболшының ерекше эмоция танытып, көзіне жас алғаны да осы отбасылық жағдаймен байланыстырылған. Кейін Месси өзінің сол сәттегі көңіл күйі спорттық нәтижеге емес, өміріндегі ауыр кезеңге қатысты болғанын айтқан. РБК мәліметінше, Хорхе Месси Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада қайтыс…
Автор: apn_admin
Әлеуметтік желілерде UFC-дегі ең танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz. Рахмоновтың әкесінің дүниеден өткені туралы хабарлама 9 тамызда пайда болды — қазақстандық бірқатар БАҚ бейсенбіде Қарағандыда Алпамысов Бақтыбай Рахманұлының рухына бағыштап ас берілетінін хабарлады. Сондай-ақ қаралы хабар шетелдік басылымдарда жариялана бастады. Шавкаттың әкесінен айырылғанына біраз уақыт болғаны анықталды — ол 2 тамызда 66 жасқа қараған шағында көз жұмған. «Иә, бұл рас. Әрине, бұлай болғаны өкінішті, бірақ бәріміз пендеміз, бәріміздің келетін де, кететін де уақытымыз бар. Шавкаттың әкесі дүниеден озды, жерлеу рәсімі өтті», — деп растады Tengri Sport тілшісіне Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров. Айта…
Қызылорда қаласында «Қызылорда Тазалығы» ЖШС ұжымымен кездесу өтіп, коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбек жағдайы, өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік қолдау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері сөз болды. Кездесуге «Әділет» партиясының облыстық және қалалық сайлауалды штабтарының өкілдері қатысты. Жүздесу барысында еңбек адамын қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бастамалар жөнінде ақпарат берілді. Кездесу барысында коммуналдық қызмет саласының бүгінгі жай-күйі мен еңбеккерлердің күнделікті қызметінде кездесетін мәселелер де талқыланды. Қатысушылар қаланың тазалығын сақтау тек коммуналдық мекемелердің ғана емес, барлық тұрғындардың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Жиында сөз сөйлеген облыстық штаб өкілі Асхат Шәукенбаев еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету,…
Жалағаш ауданында үгіт жұмыстарымен болған «Әділет» партиясынан Құрылтайға үміткерлер Мұрат Әбенов, Серік Қожаниязов және Мағжан Ералиев Жалағаш ауданыдағы іскер әйелдермен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды жеткізді. Атап айтқанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Мәселен, Құрылтай үміткер Мұрат Әбенов кәсіпкер әйелдердің ел экономикасын дамытудағы рөлін атап өтіп, әділетті қоғам құрудың басты тетіктерінің бірі – еңбек етіп, кәсіп ашып жүрген азаматтардың бастамаларын қолдау, олардың ұсыныстарын нақты шешімдерге айналдыру және бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру екенін жеткізді. Үміткер Серік Қожаниязов әйелдер…
Ат төбеліндей азшылық тарғыл шерінің тарихи мекеніне оралуын қуана құптаса, көпшілік қауым бұл қадамға үзілді-кесілді қарсы шықты. Бірақ мәселе әлеуметтік желідегі әңгімеге ғана тіреліп тұрған жоқ. Бүгінгі наразылық ертең-ақ разылыққа ұласуы мүмкін. Ал жетпіс жыл бойы жолбарыстың табаны тимеген Іле-Балқаш табиғаты аң патшасын бауырға баса ала ма? Тұран жолбарысын қайтару бағдарламасы – дүниежүзінде сирек кездесетін ауқымды бастама. Бұған дейінгі әлемдік тәжірибеде жануарлар бұрыннан қорғалатын ұлттық парктерге көшірілсе, Қазақстан мүлде басқа жолды таңдады. Жолбарысты әкелмей тұрып оған қолайлы табиғи орта қалыптастыру көзделді. Сондықтан 2018 жылы Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауын қамтитын, аумағы 415 мың гектардан асатын «Іле-Балқаш» резерваты…
Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері қатысып, өңірлік ынтымақтастықты дамыту, экономикалық байланыстарды нығайту және мәдени-гуманитарлық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл кездесу Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы күн өткен сайын артып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті. Осыған орай өңірдің мәдени өміріне де назар аударуды жөн көрдік. Әр халықтың болмысын танытатын басты құндылықтардың бірі – музыка. Сондықтан Орталық Азияның бес мемлекетінен өз елінде кеңінен танылған, шығармашылығының негізгі бөлігін ана тілінде орындайтын эстрада әншілеріне шолу ұсынамыз. Қазақстан. Димаш Құдайберген 1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Музыканттар отбасында өскен…
Былтыр жиналған мол өнім елдің экспорт көлемін арттырып, бұрын бармаған нарықтарға шығуға мүмкіндік берді. Алайда биылғы егіннің тағдыры әлі белгісіз. Тамыз айына арналған агрометеорологиялық болжамда бірнеше облыстың жекелеген аудандарында құрғақшылық сақталатыны айтылды. Қазір қоймадағы астық шетелге жөнелтіліп, ресми есептер экспорттық рекордтарды көрсетіп жатқанымен, даладағы жағдай өзгеше болуы мүмкін. Жауын-шашынның аздығы мен жоғары температура өсімдіктің дамуына ғана емес, оның пісіп-жетілуіне, дәннің салмағы мен сапасына да ықпал етеді. Сондықтан биылғы аптаптың нақты зардабы егін орағы аяқталған соң анықталмақ. Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерден әзірге министрлікке ресми өтініш түспегенін мәлімдеді. Алайда бұл алқаптарда…
Әлімғазы Смағұлұлы Райымбеков қазақ киносының тарихында «Тақиялы періште» көркем фильміндегі Тайлақ бейнесімен танылды. Кәсіби актерлік білім алмаған оның киноға келуіне қазақ күресіндегі жетістігі себеп болды. Әлімғазы Райымбековтің өмір жолы ауылдағы еңбек, спорт, кино, ұстаздық және қоғамдық қызмет секілді бірнеше саланы қамтиды. 1936 жылы туған актердің биыл туғанына тура 90 жыл. Осыған орай, қазақ киносында елеулі із қалдырған жан жайлы оқырманға еске салуды жөн көрдік. Әлімғазы Райымбеков еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастады. Өзінің сұхбаттарында жүргізуші болып жұмыс істегенін, К-700 тракторын басқарғанын айтқан. Күнделікті еңбекпен қатар қазақ күресімен де тұрақты айналысқан. 1965 жылы ол қазақ күресінен өткен республикалық жарысқа қатысады. Райымбековтің…
Ақмола облысының тұрғыны өзін емші деп таныстырған адамға 9 миллион теңгеге жуық қаражат аударған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Қосшы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде өзін емші ретінде таныстырған әйелмен танысқан. WhatsApp-та сөйлесу барысында қаскүнем емделуге көмектесуге уәде беріп, «тиімді инвестицияларды» ұсынған. Сонымен қатар үй сатып алуға және несиелерді өтеуге көмектесуге уәде берген. Полициядан мәлімдегендей, уәдеге сенген жәбірленуші 2025 жылғы қазан айы мен 2026 жылғы мамыр аралығында алаяққа 8 миллион 825 мың теңге аударған. Сонымен бірге жәбірленуші күдіктімен ешқашан жеке кездеспеген. – Бұл факт бойынша алаяқтық белгілеріне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полицейлер осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Қазір оның қатысы сотқа дейінгі…
Әрбір төленбеген алимент – жай ғана қаржылық қарыз емес, баланың ертеңіне жетпеген қамқорлық, орындалмаған ата-ана парызы. Сондықтан мемлекеттік органдарға, соттарға түсетін арыз-шағымдардың қомақты бөлігін алимент дауларының құрауы кездейсоқ емес. Кейбір іс жылдарға созылып, шешімін таппай жатады. Ал бұл түйткілді тарқатудың түпкі мәні – ел ертеңі саналатын жас ұрпақтың құқығын қорғау, әділетті елдің ұстынын нығайту. Жоғалған көлік ізі Алимент өндіру саласында қордаланған, жүйелі түйткілдердің артында нақты адамдардың тағдыры тұр. Солардың бірі – көпбалалы ана Г.-ның оқиғасы. Ол жеке сот орындаушылары Н. мен Е.-нің әрекетіне байланысты көптен бері сергелдеңге түскенін хабарлады. Айтуынша, Алматы облысының жеке сот орындаушысы Е.-нің қаулысына сәйкес, борышкер Ж.-ға тиесілі Toyota…
