Автор: apn_admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі. Фото: Ақорда

Read More

Бізге белгілі инвестицияға ұқсас дегенімізбен, сауда стратегиясында айырмашылық бар. Бұл сала бүгінде қоғамның ерекше қызығушылығына ие сала болып отыр әрі жарнамасы жер жарады. Шын мәнінде, трейдинг табыс көзі ме, тәуекел ме? Ең алдымен, қор нарығында сауда қалай жүретінін түсініп алайық. Қор нарығы немесе биржада түрлі актив саудаға салынады. Жеке тұлға биржада тікелей сауда жасай алмайды, брокер көмегіне жүгінеді. Трейдер үшін бағаның қай бағытқа құбылатыны маңызды емес. Себебі ол екі жағдайда да табысқа шыға алады. Бастысы, нарықты дұрыс болжай білу қажет. Бағаның өсуінен пайда табу – лонг позициясы, ал оның төмендеуі арқылы табысқа шығу – шорт позиция деп аталады. Шорт кезінде…

Read More

Қызылорда облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, саяси партиялардың облыстық филиал төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты. Шара Мемлекеттік Гимнмен басталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары ел Президентінің құттықтауын оқыды, барша қатысушыларға ізгі лебізін білдірді. -1 наурыз — елімізде тыныштық, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болған Алғыс айту күні. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық тарихында береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, елдегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келеді. Қызылорда облысында 30-дан астам этнос өкілдері…

Read More

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ерекше мерекелік концерт өтті. Осы маңызды даталарға арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА құрылымының белсенділері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Концерт облыстық Ассамблеяның 30 жылдағы жеткен жетістіктері мен осы уақыт аралығындағы ел дамуына қосқан үлесін бейнелейтін бейнероликпен басталды. Мерекелік бағдарламада түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдермен сахнаға шығып, бірлік пен достықты, ынтымақтастықты паш еткен әсерлі көріністері көпшіліктің көңілін көтерді. Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов жиналғандарға облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек…

Read More