Автор: apn_admin

Қызылорда облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, саяси партиялардың облыстық филиал төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты. Шара Мемлекеттік Гимнмен басталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары ел Президентінің құттықтауын оқыды, барша қатысушыларға ізгі лебізін білдірді. -1 наурыз — елімізде тыныштық, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болған Алғыс айту күні. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық тарихында береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, елдегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келеді. Қызылорда облысында 30-дан астам этнос өкілдері…

Read More

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ерекше мерекелік концерт өтті. Осы маңызды даталарға арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА құрылымының белсенділері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Концерт облыстық Ассамблеяның 30 жылдағы жеткен жетістіктері мен осы уақыт аралығындағы ел дамуына қосқан үлесін бейнелейтін бейнероликпен басталды. Мерекелік бағдарламада түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдермен сахнаға шығып, бірлік пен достықты, ынтымақтастықты паш еткен әсерлі көріністері көпшіліктің көңілін көтерді. Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов жиналғандарға облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек…

Read More