Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесу өткізді. Жиында Карбамид пен аммиак өндіретін зауыт құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Жоба Маңғыстау облысында «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құруды көздейді. Зауыттың орны Каспий теңізі арқылы өнімді экспорттауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін логистикалық артықшылықтарды ескере отырып таңдалды. Зауыт жылына 700 мың тоннаға дейін карбамид және 42 мың тонна аммиак өндіреді, бұл тыңайтқыштар импортына тәуелділікті азайтып, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қосылған құны жоғары өніммен қамтамасыз…
Автор: apn_admin
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің үш аймағында биыл төрт жаңа су қоймасы салынатынын айтты. «Бірінші кезең аясында 2025 жылы еліміздің үш өңірінде 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Оның ішінде, еліміздің оңтүстігінде орналасқан Ақмола, Қалғұтты, Қараузяк жаңадан енгізілетін 22,5 мың гектар суару алаңында вегетациялық кезеңде су тапшылығын жабуға бағытталады. Батыс Қазақстан облысында Үлкен Өзен (28 млн текше метр) су қоймасының құрылысы су тасқыны мен еріген суды ұстап тұруға және 5 мыңға жуық халқы бар Казталов ауданының 2 елді мекенін су басу қаупін болдырмауға бағытталған», деді су ресурстары министрі. Сондай-ақ бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз және Түркістан…
Ұлттық ұлан өткен көктемгі су тасқыны кезінде өз әлеуетін көрсеткені мәлім. Биыл да халыққа көмектесуге әзір. Ұлттық ұлан күштері мен техникаларының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою шараларына жұмылдырылады. Әскери резервтегі жедел құтқару жасақтарының саны 1600 әскери қызметшіге дейін жеткен, олардың қарамағында 60-тан астам техника бар. ТЖ аймағындағы топтарды күшейту үшін қосымша 10 мыңға жуық әскери қызметші және 350-ден астам құқықтық тәртіп әскерлерінің техникасы жұмылдырылуы мүмкін. Сонымен қатар қажеттілік туындаса, Ұлттық ұлан авиациясы төтенше жағдайларды жою мақсатында Y8F200W ұшақтары мен Ми-171Е тікұшақтарын бөледі. Фото: Polisia.kz
2025 жылдың наурыз айында мереке және демалыс күндерін қосқанда, ел азаматтарына 14 күн демалыс беріледі. Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. Биыл 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күнтізбеде сенбіге тұс келіп тұр. Осыған орай мерекелік демалыс дүйсенбіге, яғни 10 наурызға ауыстырылады. Демек, Қазақстан халқы 8,9,10 наурыз қатарынан үш күн демалады. Ал әз-Наурыз демалысы 21 наурыз, жұма күнінен басталып, 25 наурызды қамтиды. Мерекеден кейінгі жұмыс аптасы 26 наурыздан басталады. Фото: inbusiness.kz
Рамазан айында атқарылатын игі амалдар тек ораза ұстап, құлшылық етумен шектелмейді. Оның негізгі мұратының бірі – халықты қайырымдылыққа жұмылдыру. Құрандағы «Әнғам» сүресінің 160-аятында: «Кім бір жақсылық істесе, он есе сауапқа ие болады» делінген. Осындай аят-хадисті негізге алған атымтай жомарт жандар Рамазанды жетім-жесір мен мұқтаждарға қол ұшын созуға арнайды. Иә, қиналғанға қолдау білдіру, мұқтажға көмек беру, жабыққанға жәрдем ету – Рамазандағы ең қайырлы амалдар қатарынан. Атам қазақ «Адамның күні адаммен», «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көресің» деп бекер айтпаған. Әсіресе ораза кезінде әрбір жасалған жақсылықтың сауабы еселеп артатынын қаперге алған жандар бұл мезгілде қайырымдылық жасауды игі дәстүрге айналдырды. Мұндай ізгі бастаманың бірқатарына…
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Облыс әкімі ирригация нысандарын қайта қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінен қаржы тартылып жатқаны жөнінде мәлімет берді. Қазіргі кезде 135,5 миллиард теңгеге 24 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласын және жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр. Нұралхан Көшеровтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға айрықша мән беріледі. Атап айтқанда, мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар Жүгері-сірне зауытының…
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен экономиканың нақты секторын қаржыландыру және Үкімет қаулыларының жобалары талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы өткізген мәжілісте күн тәртібіндегі және басқа да маңызды мәселелерге орай жауапты сала басшыларына тапсырма берілді. «Биыл ел экономикасының 107 пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өңірлер межесін Ұлттық экономика министрлігі әзірлеуде. Біз қаржыландыру көздерін тиімді ұйымдастырып, экономикалық өсімге қол жеткізуіміз қажет. Бүгінде мемлекет бизнесті қолдап, ынталандыруда. Өткен жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлық көзден 78 млрд. 651млн. теңге бағытталды. Мемлекет басшысының, Үкіметтің жан-жақты қолдауымен ауыл шаруашылығы саласының дамуында оң…
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтіп, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және жауапты сала басшылары селекторлық режим арқылы қатысты. Күн тәртібінде өңірлерде цифрландыруды дамыту, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру, орман қорына және елді мекендерге ағаш отырғызу мәселелері қаралды. «Ақылды» қалалар эталонды стандартына сәйкес Қызылорда облысының жол картасы бекітіліп, 6 бағыт бойынша 22 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейнеаналитика элементтері бар бейнекамералардың жыл сайынғы ұлғаюы» жобасы бойынша Қызылорда қаласының аумағында 19 мың камера орнатылған. Оның 7 273-і полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. «Сергек» жобасы бойынша 100 бейнебақылау камерасы, 10 стационарлық жылдамдық…
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі. Фото: Ақорда
Бізге белгілі инвестицияға ұқсас дегенімізбен, сауда стратегиясында айырмашылық бар. Бұл сала бүгінде қоғамның ерекше қызығушылығына ие сала болып отыр әрі жарнамасы жер жарады. Шын мәнінде, трейдинг табыс көзі ме, тәуекел ме? Ең алдымен, қор нарығында сауда қалай жүретінін түсініп алайық. Қор нарығы немесе биржада түрлі актив саудаға салынады. Жеке тұлға биржада тікелей сауда жасай алмайды, брокер көмегіне жүгінеді. Трейдер үшін бағаның қай бағытқа құбылатыны маңызды емес. Себебі ол екі жағдайда да табысқа шыға алады. Бастысы, нарықты дұрыс болжай білу қажет. Бағаның өсуінен пайда табу – лонг позициясы, ал оның төмендеуі арқылы табысқа шығу – шорт позиция деп аталады. Шорт кезінде…
