Автор: apn_admin

Қызылорда облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленген Бимұратовтар отбасы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Отбасының берекесі мен бірлігін ұлықтап, елге үлгі болып жүрген Бимұратовтар әулетінің мүшесі, «Батыр ана», тыл ардагері Үбіжарова Ұлмекен анамыз да азаматтық таңдауын жасап, өз дауысын берді.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын абаттандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 124 вокзалды реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жұмыстар вокзал инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуды көздейді, олар: ғимараттар мен инженерлік желілерді жаңарту, платформалар мен вокзал маңындағы аумақтарды реконструкциялау, күту залдарын кеңейту, заманауи қауіпсіздік жүйелерін, лифтілер мен көтергіш құрылғыларды орнату, сондай-ақ кедергісіз орта құру. Ең қатты тозған нысандарда ескі ғимараттар толығымен бұзылып, орнына жаңа жолаушылар кешендері салынды. 2026 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша, Үкімет еліміздің 17 облысында 72 теміржол вокзалын реконструкциялауды аяқтады. Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды пайдалануға беру жоспарлануда, 15 нысанда жұмыстар…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін атап өтті. – Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскенін айтты. Бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Осы орайда Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз…

Read More

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы жақындап келеді. Қоғамдық маңызы бар бұл шараға тұрғындардың белсенді қатысуы сайлау үдерісінің ашық әрі нәтижелі өтуі үшін маңызды. Құрылтай – елдің қоғамдық дамуына қатысты мәселелерді талқылайтын, түрлі сала өкілдерінің пікірін тоғыстыратын маңызды алаң. Сондықтан оның құрамын қалыптастыру кезінде әр сайлаушының таңдауы ескеріледі. Сайлаушы үшін ең алдымен қажетті ақпаратты білу маңызды. Кандидаттардың қоғамдық қызметі, тәжірибесі және көтеріп жүрген мәселелерімен танысу – саналы шешім қабылдаудың негізгі алғышарттарының бірі. Бүгінде азаматтардың қоғамдық мәселелерге деген қызығушылығы артып келеді. Мұндай жағдайда сайлау сияқты маңызды үдерістерге белсенді қатысу қоғамдық мәдениеттің қалыптасуына да әсер етеді. Дауыс беру – көп уақытты қажет етпейтін…

Read More

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық өміріндегі маңызды шаралардың бірі. Сайлау азаматтарға Құрылтай құрамын қалыптастыруға қатысып, өз таңдауын білдіруге мүмкіндік береді. Құрылтай жұмысы қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға, түрлі бастамаларды қарастыруға және елдің қоғамдық дамуына қатысты ұсыныстарды ортаға салуға бағытталған. Осыған байланысты оның құрамына сайланатын азаматтардың қоғамдық тәжірибесі мен ұстанымы маңызды. Сайлау қарсаңында тұрғындардың кандидаттар туралы ақпаратпен танысып, олардың атқарған қызметі мен қоғамдық бастамаларына назар аударғаны жөн. Бұл сайлаушыға өз таңдауын саналы түрде жасауға мүмкіндік береді. Қоғамдық маңызы бар сайлаудың нәтижесі оған қатысатын азаматтардың белсенділігіне де байланысты. Сондықтан 23 тамызда тұрғындардың сайлау учаскелеріне барып, өз құқықтарын пайдаланып, дауыс беруі…

Read More

Бүгін Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің алғашқы республикалық форумы өтті. Елорда төріндегі алқалы жиынға Сыр өңірінен де делегаттар қатысып, көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, тұрғындардың құқықтары мен ортақ мүддесіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Еркін пікір алмасу форматында өткен ашық алаңда тұрғын үй саласындағы мәселелер мен оларды шешудің нақты жолдары талқыланды. Форумға еліміздің әр өңірінен тұрғын үй қорын басқаратын шамамен екі мың МИБ пен ПИК төрағалары, басқарушы ұйымдардың өкілдері, салалық сарапшылар мен белсенді мүлік иелері жиналды. Жиынның өту барысын Сыр өңіріндегі сала өкілдері мен партия мүшелері де онлайн форматта тамашалап, маңызды талқылауға қашықтан қатысты.…

Read More

«Әділет» партиясының облыстық және қалалық штаб өкілдері, сондай-ақ Құрылтайға депутаттыққа үміткерлер Мұрат Әбенов, Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы және Мағжан Ералиев су шаруашылығы саласының мамандарымен кездесті. Жүздесуде өңірдегі су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салаға қатысты мәселелер талқыланды. Мұрат Әбенов Сыр өңіріндегі су тапшылығының ауыл шаруашылығына әсеріне тоқталды. Күріш алқаптарын сумен қамтамасыз ету мәселесі мен егістікті әртараптандыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар ол ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, оның ішінде мектептердегі жағдай мен оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселелерін көтерді. Серік Қожаниязов су ресурстарын басқару жүйесіне қатысты мәселелерге тоқталып, тозған каналдар мен суару желілерін…

Read More

«Әділет» партиясының өңірлік және қалалық сайлауалды штабтарының мүшелері Гүлшат Мұсаева, Сәкен Серікбаев, Уалихан Ибраев, Нұрай Бекетова және Мөлдір Бекетова коммуналдық сала қызметкерлерімен кездесті. «Батырхан Шөкенов» атындағы саябақта өткен кездесуде инженерлік желілерді жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және сала мамандарының еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселелер талқыланды. Қалалық штаб төрағасының орынбасары Гүлшат Мұсаева коммуналдық инфрақұрылымның қаланың тұрақты жұмыс істеуіндегі маңызына тоқталды. «Қаланың тазалығы, жылу, су және жарық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі коммуналдық сала мамандарының еңбегіне тікелей байланысты. Кездесуде инженерлік желілердің жағдайы, оларды жаңғырту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері талқыланды. Бұл бағыттағы ұсыныстар тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді», –…

Read More

Алматы облысының Іле ауданында «Kusto Logistics» компаниясының ірі көлік-логистикалық орталығы іске қосылды. Мұнда жүктерді қабылдау, сақтау, өңдеу және тасымалдау қызметі атқарылады. 26,5 гектардан астам аумақта теміржол, контейнерлер алаңы, екі қойма, жүк тиеу-түсіру орындары, автомобиль логистикасы мен басқару орталығын біріктірген заманауи мультимодальды кешен құрылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Жылына 100 мың контейнер жүкті өңдеуге қуаты жетеді. Қазіргі уақытта 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаға 28,1 млрд теңге инвестиция тартылды Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Group компаниясының тең құрылтайшысы әрі акционері Қанат Көпбаев, жобаға қатысқан компаниялардың өкілдері мен мамандар қатысты. Марат Сұлтанғазиев логистикалық орталық тұрғындарды жұмыспен қамтуға, шағын…

Read More

Қостанай қаласының 147 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Экспозицияға тастан, сүйектен және қыштан жасалған 139 археологиялық жәдігер қойылды. Сондай-ақ келушілер назарына тақырыптық көркем туындылар мен ежелгі қоныстың макеті ұсынылды. Көрме қонақтары энеолит дәуіріндегі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен, қолөнерімен және мәдениетімен танысып, жылқыны қолға үйрету тарихы туралы мол мағлұмат алды. Археологиялық материалдар Ботай мәдениетінің Ұлы Дала тарихындағы орны мен маңызын тереңірек танытуға мүмкіндік берді. Көрмені ежелгі мәдениеттерді зерттеп жүрген шетелдік мамандар да тамашалады. Бағдарлама аясында Қазақстан тарихы мен археологиялық мұрасына арналған шеберлік сабақтары, танымдық және мәдени іс-шаралар…

Read More