Автор: apn_admin

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлымен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Абай облыстық филиалының жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды бірлесе іске асыру, өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері жан жақты талқыланды. Рауан Кенжеханұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметін, жобаларын таныстырып, қазақ тіліндегі контентті дамытуға, қазақ тілінде жасанды интеллектінің дәл және сапалы жұмыс істеу әлеуетін арттыруға, мемлекеттік тілдің интернетте, әлемдік цифрлық платформаларда және Google жүйесінде қолданысын кеңейтуге, білім саласын цифрландыруға қатысты ойларын ортаға салды. Аймақ басшысы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер мен бастамалардың маңызын атап өтіп, жұмыс барысында назарға алынатынын айтты.

Read More

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында жалпы құны 54 млрд теңгеден асатын 7 ірі жоба қаралды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы жаңа өндірістерді іске қосуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған. Отырыста ұсынылған жобалар Семей қаласы, Жарма, Жаңасемей, Бородулиха және Аягөз аудандарында жүзеге асырылмақ. Инвесторлар гастро-парк ашу, ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркін салу, дәнді дақылдар мен күнбағысты тамшылатып суару арқылы өсіріп, қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу негізінде жемдік қоспа шығару, қойма логистикасын дамыту, қонақүй кешендерін салу сияқты жобаларын таныстырды. Аталған жобалар жүзеге асқанда…

Read More

Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал ететін негізгі салалардың бірі әрдайым агроөнеркәсіптік кешен болып қала бермек. Өңір ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша өсім көрсетуде. Бұл көрсеткіштерге ауқымды мемлекеттік қолдау шаралары мен ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы ықпал етуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шарушылығы министрлігі. Аграрлық секторды субсидиялауға 15 млрд теңге бөлінді. Қаражат мал және өсімдік шаруашылықтарына қолдау көрсетуге, пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге және инвестициялық субсидияларды қаржыландыруға бағытталды. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасына 8 млрд теңге, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеуге 4 млрд теңге қарастырылған. Атқарылған шаралардың нәтижесінде 9 ай ішінде өңірде 296,8 млрд теңгенің ауыл…

Read More

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі заман талабына сай кәсіби мамандар даярлауда жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Колледж АШМ 24/1 топ  студенттері қазіргі таңда әлеуметтік серіктестік аясында “Таң LTD” ЖШС кәсіпорнында дуалды оқыту жүйесімен өндірістік тәжірибеден өтуде. Дуалды оқыту – білім мен тәжірибені ұштастырудың тиімді тәсілі. Бұл жүйе арқылы студенттер теориялық білімін нақты өндіріс орнында бекітіп, кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Колледждің ауыл шаруашылығын механикаландыру, электрмен жабдықтау, тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі және басқа да бағыттарында оқитын студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болуға мүмкіндік алуда. Мақсат – жастарды заманауи технологиямен жұмыс істей алатын, өз ісінің шебері ретінде қалыптастыру. “Таң LTD” ЖШС және басқа да серіктес…

Read More

СҚО аграрлық секторды дамытумен қатар мал шаруашылығында да елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл нәтижелер фермаларды жаңғырту, озық технологияларды енгізу және мал басын көбейту арқылы мүмкін болды. Ет өндірісі 68,5 мың тоннаны, сүт – 334 мың тоннаны, жұмыртқа – 530 млн дананы құрады. Сүт бағыты да белсенді дамып келеді. Облыс заманауи сүт кешендерін енгізу бойынша көшбасшы орынды сақтап отыр. Өңірде 110 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Бұл еліміздегі барлық 373 ферманың 30%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. 2023-2024 жылдары елімізде салынған 58 жаңа сүт-тауар фермаларының 21-і СҚО-да іске асырылды. Биыл тағы 8 заманауи…

Read More

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары тамашалады. «Абай» трагедиясы — еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген қайталанбас кесек туынды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қолға алынып, М.Әуезов шығармашылығының маңызды бағыты болған Абайдай ғұламаның тақырыбы, қайталанбас келбеті оқырмандарынан бұрын сахнада сомдалған бейнесі арқылы халқының жүрегінен орын алды. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің айтулы операсы тек жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан…

Read More

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспардың 102 пайызын құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржы көрсеткіштері келесідей қалыптасты. «Мемлекеттік бюджеттің кірістері 17,3 трлн теңгені құрап, жоспардың 102%-ын орындады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 116%, яғни 2,4 трлн теңгеге артқан», деді министр Үкімет отырысында. Республикалық бюджетке түскен кірістер көлемі 10,5 трлн теңгені құрап, жоспар 97,3% деңгейінде орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116%, яғни 1,4 трлн теңгеге көп. Министрдің айтуынша, кейбір көрсеткіштердің толық орындалмауына негізгі себеп — әлемдік мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы…

Read More

Президентке Палата қызметі туралы ақпарат берілді. Ерлан Қошанов депутаттар жұмыс барысында Президент Жолдауы мен ел дамуы бойынша берген тапсырмаларды заңнамалық тұрғыда уақтылы әрі сапалы қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін баяндады. Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар. Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заңды қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізілуде. Депутаттар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ креативті индустрия, ғылыми зерттеу аумақтарын дамыту, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, бағбандық шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік қолдау бойынша заң жобаларына…

Read More

Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты. – Тәжікстанның табысты төрағалығы Ұйымның әлеуетін нығайтуға, көпжоспарлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге үлкен үлес қосты. Бұл саммит Қазақстанда халықаралық беделді ұйым саналатын ТМД жұмысына үлкен серпін береді, – деді Мемлекет басшысы. Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын еске салды. – Барлық мемлекеттің дамуына жол ашатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ауыр жағдайда қорғаған әкелеріміз бен аналарымыздың, жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігін қазақстандықтар қастер тұтады. ТМД аумағында, соның ішінде Қазақстанда айтулы мерейтой лайықты деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шаралардың шырқау шегі Мәскеу мен Бейжіңде өткен…

Read More

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Read More