Сыр өңіріндегі ғана емес, ел өміріндегі айтулы күн! Өйткені экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіру тарихының жаңа парағы ашылды! Халық көптен күткен, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың арманына айналған «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты. Аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті. «Бүгін – аймағымыз үшін тарихи күн! «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының ашылу рәсімінде бас қостық. Халқымыз ұзақ жылдан бері армандап келген автожолды салуға…
Автор: apn_admin
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы қала тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін айтты. «Президентіміз «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», деген болатын. Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды мәселе. Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Аймағымыздың…
Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Айта кетейік, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігін нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады.
Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктерге тоқталды. «Республикалық ардагерлер кеңесі көшпелі отырысының Қызылордада өтуіне бастама көтеріп, шақыртуымызды қабыл алған баршаңызға Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінде аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда. Президентіміздің өңірдің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы Сыр халқы…
Шығыс Қазақстан облысында туризм мен заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Жаңа әуежайлар мен жолдар салынып жатыр, тау шаңғысы саласына назар аударылып, халықаралық маршруттар іске қосылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әкім Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді. Туризм саласында төрт негізгі кластерді дамыту жоспарлануда: Катонқарағайдағы wellness-туризм; Марқакөлдегі экологиялық туризм; Риддердегі тау шаңғысы туризмі; Өскеменде және оған жақын аудандардағы демалыс туризмі. «Қыстың ерте келуі және көп қар мөлшері аймақтағы тау шаңғысы саласының дамуына ерекше мүмкіндік береді. Риддер маңында «Анатау» жыл бойы жұмыс істейтін кешені салынып жатыр, ол тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығы болады. Халықаралық қонақ үй компаниясы PanaAsia…
Ауыл шаруашылығы – ШҚО экономикасының стратегиялық мәні айрықша саласы. Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетуде. Астық өнімі 101,5%-ға, майлы дақылдар – 107%-ға артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі 66%-дан 71%-ға дейін өсті. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-ы өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Агроөнеркәсіп кешенінде сыртқы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Қытай, Ресей және Өзбекстанмен өзара іс-қимыл жолға қойылған. «Біз ірі қытайлық сауда компанияларымен, жалпы құны – 50 млн АҚШ долларына май өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасастық. Сол сияқты мал шаруашылығы өнімін Қытай нарығына…
Биыл Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2,3 мың пәтерге арналған 29 көпқабатты үй, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 350 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар да іске асырылып жатыр. Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жыл соңына дейін 8 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл 4 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. «Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатқа биыл бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы…
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, басқа өңірлерден келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам белсенділері, Еркін Нұржанұлының қарындасы Күләш Нұржанқызы қатысты. Аймақ басшысы қайраткердің Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Еркін Нұржанұлы – білімділігімен, халықшыл мінезімен, биік парасатымен ел дамуына зор үлесін қосқан заңғар тұлға. Ұлтымыздың талантты перзентінің есімі Сыр жұртшылығының есінде табандылығымен, адалдығымен, іскерлігімен сақталды. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысындағы МТС-тің бас агрономдығынан…
Кейінгі жылдары Сыр өңіріндегі өрісті бастамалар туралы жұрт лебізін жиі естиміз. Аз уақыт ішінде қай сала бойынша да көш басына шыққан аймақта тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар да нәтижесіз емес. Жұрт игілігіне жарайтын жобалар жүзеге асып жатқан өңірдегі оң өзгерістер туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тарата айтты. – Нұрлыбек Машбекұлы, Мемлекет басшысы жақында облысқа жұмыс сапары барысында өндіріс, мәдениет, спорт нысандарымен, аймақ инфрақұрылымын дамыту жұмысымен танысып, оң баға берді. Осы ретте Президент өңірде инвестициялық ахуалды жақсартып, бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыруды тапсырды. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Мемлекет басшысының әр сапары бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Президентіміз жұмыс сапарын «Қорқыт…
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли мен «Zhongwei Xinneng» технологиялық компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь өңірде қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды. Жобаның жоспарланған жалпы инвестиция көлемі 880 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба іске асқан жағдайда аймақтың энергетикалық инфрақұрылымы жаңарып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Әкімдік тарапынан жер учаскелерін бөлу, рұқсат беру рәсімдерін жеделдету және қажетті әкімшілік қолдау көрсету қарастырылған. Сонымен қатар, жұмысты үйлестіру мақсатында екіжақты жұмыс тобы құрылатын болады. Аймақ басшысы баламалы энергия жобасы облыс үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Екі елдің Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин…
