2025 жылы Ұлытау өңірінде 4,9 млрд теңгеге 819 шақырым электр желілері мен 272 электр жабдығын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд теңгенің жұмысы монополист кәсіпорындарға бекітілген инвестициялық жобалар арқылы іске асты. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдың Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып, 46,2 шақырым электр желілері тартылды. 1447 жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды. «Облыста газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі қазір өңір бойынша 9,1% құрайды. Жалпы өңірде сомасы 46 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Жезқазған қаласында 3676 абонентке газ желілер тартылып,…
Автор: apn_admin
Облыс әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданының Қайнар ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Қайнар ауылы облыс орталығынан 300 шақырымға жуық жерде орналасқан. Аймақ басшысы әуелі Сапарғали Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің жылу қазандығын көрді. 1974 жылы салынған оқу ордасы мектеп, ауылдық әкімшілік ғимаратын және мәдениет үйін жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандыққа қосылған. Мұнда қуаты әртүрлі 4 қазандық орнатылған. Биыл қазандықтардың екеуі толық жаңартылды. Айта кетейік, осыдан 7 ай бұрын аймақ басшысы Қайнар ауылына арнайы барған болатын. Сол кезде қазандықтың жағдайын көріп, әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтқан еді. «Облыс әкімінің сәуір айында Қайнар ауылына келген сапарының нәтижесінде…
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында «Жайдарман» ойындарының облыстық фестивалі өткізілді. Аталған шараның мақсаты — жастардың заңға деген құрметін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және салауатты көзқарас қалыптастыру. Жарысқа облыстың әр өңірінен іріктелген 15 команда қатысып, үш топқа бөлініп өзара сайысты. Қатысушылар тапқырлық, әзіл, сахналық мәдениет пен азаматтық позицияларын көрсете білді. ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН 9 КОМАНДА: — «Сапа» — еркін құрама — «AMG» — Айым өнер орталығы — «Мәншүк жастары» — М.Мәметова атындағы ҚПЖК — «Матриархат» — Қорқыт ата атындағы ҚУ — «Арбаттың бойы» — И.Әбдікәрімов атындағы ҚПЖК —…
Бүгін «AMANAT» партиясы қалалық филиалының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Онда 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты партияның сайлауалды бағдарламасы негізіндегі Жол картасының орындалу барысы қаралды. Жиынға қала әкімі Нұржан Ахатов, партия филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, Саяси кеңес бюросы мен фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша қала әкімі Нұржан Сәбитұлы баяндама жасады. – Ауқымды шаруалардың жүзеге асуына «Amanat» партиясының арқауы жетерлік. Партияның бекіткен сайлауалды бағдарламасының 5 бағытын орындауда біз тиісті межеге жетіп келеміз. Облыс әкімінің қолдауымен соңғы үш жылда бой көтерген озық үлгідегі әлеуметтік нысандар, халық сұранысына сай ашылған кәсіпорындар, өңір әлеуетін арттырар ірі инвестициялық жобалар туған өлкеміздің…
Қаламызда Облыстық жастар орталығының ғимаратында Қызылорда қалалық «Мансап орталығы» филиалымен бірлесіп, жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтарға арналған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы «Болашаққа бағдар» атты «Ашық есік күні» және «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға құрылыс саласының жұмысшылары, бетон құюшылар, тас қалаушылар, түрлі санаттағы көлік жүргізушілері, электриктер, күзетшілер, сондай-ақ білім саласы бойынша мұғалімдер мен тәрбиешілер, медицина қызметкерлері, есепшілер және басқа да мамандық иелері қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңке жұмыссыз азаматтарға жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттасуға толық мүмкіндік берді. Шараға барлығы 17 жұмыс беруші мекеме қатысып, 142 бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шараға 150-ден астам жұмыс іздеуші азамат, оның ішінде…
Жол инфрақұрылымы өңір экономикасының маңызды әрі күрделі саласы ретінде әрдайым әлеуетті жоба есебінде қарастырылып келеді. Қазір қала орталығымен қатар, шет аймақ, кент пен ауылдық округтерде жолдарды жақсартуды көздеген ауқымды шаруалар атқарылуда. Солардың бірі деп Қызылөзек ауылдық округіндегі берекелі істерді атауға болады. Бүгінде ауылдық округте 21 көше болса, оның 12-сі асфальтталған, 8 көшеге қиыршақ тас төселген. Биыл «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 2 көшеге жол құрылысы жүргізілсе, 2 көше күрделі жөндеуден өтті. Қазір 2,2 шақырымды құрайтын Мұхамедияр Жабағыұлы атындағы көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. Оған облыстық бюджеттен 67 млн. 266 мың теңге бөлінген. Мердігер «Tech Servicе КZ» ЖШС-гі жол құрылысын сапалы…
Алматы облысында құрылыс қарқыны жоғары. 2025 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 21%-ға өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2023-2024 жылдары 1585 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй берілмек. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында Балхаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген және Ұйғыр шалғай аудандарының ауылдарында мемлекет тарапынан жаңа үйлерді салу және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ әкім көлік және инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне…
Соңғы үш жылда Алматы өңірінде барлық салада 176 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57 мыңнан 19 мыңға дейін, яғни 3 есе азайды. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсету саласында да маңызды нәтижелер бар. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, қазір өңірде баламасы жоқ «Ақжол-М» балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Орталықты жабдықтауға «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан 1 млрд-қа жуық қаражат бөлінген. «2022 жылдан бері 69 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде соңғы үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге…
Алматы облысындағы жаңа өсу нүктелері – Қонаев және Алатау қалалары. Соңғы жылдары Қонаев қаласында 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр желілері және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылып, 65 нысан абаттандырылды. Бұл жайлы өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. №5 Қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-ші орынды иемденді. «Алатау қаласына келетін болсақ, қазіргі таңда 88 мың га аумақты қамтитын және 54 мың тұрғынға қызмет ететін дербес әкімшілік-аумақтық бірлікке айналды. Қаланың Бас жоспары – 2050 жылға дейінгі даму бағыты бекітілді. Мемлекет басшысы бастамасымен Алатау…
Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары! «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, деректемелер мен көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде орналастырылуы тиіс. Көрнекі ақпарат мәтіндерінің орналасу тәртібі заңмен нақты белгіленген: Мемлекеттік тілдегі мәтін – сол жақта немесе жоғарыда; Орыс тіліндегі мәтін – оң жақта немесе төменгі бөлікте; Екі тілдегі мәтін де бірдей өлшемдегі әріптермен жазылуы керек. Қажет болған жағдайда өзге тілдерге аударуға болады, алайда қаріп өлшемі нормативтік талаптардан аспауы тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 729-бабына сәйкес тіл заңнамасының сақталуын бақылау және әкімшілік шаралар қолдану өкілеттігі жергілікті атқарушы органдардың тілдерді дамыту бөлімдеріне жүктелген.…
