Ауылдағы шағын кәсіптің үлкен іске айналуы үшін кейде мүмкіндік пен қолдау жеткілікті. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында өз кәсібін ауласындағы шағын егістіктен бастаған Наурызбек Айымбетов бүгінде жылыжай шаруашылығын дамытып, жылдық өнім көлемін 20 тоннаға жеткізіп отыр. Бұл – «Әділет» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының кәсібін дамытуға берілген мүмкіндіктің нақты нәтижесін көрсететін мысалдардың бірі. Наурызбек Айымбетов кәсібін 2019 жылы бастаған. Алғашқы кезде өз ауласындағы шағын жерге егін егіп, жылына 3-4 тонна шамасында қияр өнімін өндірген. Кәсіпті үлкейтуге мүмкіндік болғанымен, қажетті құрал-жабдық пен қаржы мәселесі негізгі кедергілердің бірі болған. 2023 жылы кәсіпкер үшін жаңа мүмкіндік ашылды. Ол «Ауыл аманаты» жобасы арқылы…
Автор: apn_admin
Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бастама аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және табиғи аумақтарды қорғау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жай ғана науқан емес, қоғамның экологиялық санасын қалыптастыратын маңызды жоба екенін атап өткен. Оның айтуынша, тазалық ең алдымен адамның сана-сезімінен басталуы керек. Бұл бастама әсіресе жастарды тазалыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етеді. Тазалықты тек көшелер мен қоғамдық орындардың жағдайымен шектемей, оны әр адамның күнделікті өмір салтына айналдыру маңызды. Қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғатты ластамау, ағаш отырғызу және су мен табиғи ресурстарды үнемдеу…
Алматы облысында құны 18,1 млрд теңге болатын заманауи, толық өндірістік циклді жылыжай кешенін салуға арналған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба отандық жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, оларды сақтау инфрақұрылымын дамытуға және ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамту деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Жобаны «Alatau Green Production» серіктестігі қолға алған. Кешеннің жалпы аумағы 16 гектарды құрайды. Оның 8 гектарына көкөніс дақылдарының жоғары өнімді будандарын өсіру жоспарланған. Жоба аясында маусымдық көкөніс өнімдерін сапасын сақтай отырып, ұзақ уақыт бойы сақтауға арналған қойма және инженерлік инфрақұрылым да құрылады. Кешеннің жылдық өндірістік және қоймалық қуаты 12 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімін құрайды. Жобаны…
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасуда. Диқандар ағымдағы маусымдағы егін жинау және ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған басымдықтардың қатарына жатады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде егін жинау науқаны жалғасуда. Шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар жинаған, бұл жалпы көлемнің 61,6%-ын құрайды. Бүгінде орташа өнімділігі гектарынан 14,1 центнер болатын 13,5 млн тонна астық бастырылды. Биылғы егін жинау жұмыстарының қарқыны 2025 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен едәуір озық тұр. Орылған астықтың сапасы да бірдей. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна астық келіп түскен.…
Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі. Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды. Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы саперлерге қойылған міндеттерді орындап, жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылтай Регламенті жаңа Конституцияның нормаларына және «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес әзірленді. Құжат Құрылтай депутаттарының қызметін реттейді. Регламент – Құрылтай қызметін ұйымдастыруды айқындайтын кешенді құжат. Ол Қазақстан Парламентінің және оның Палаталарының бұрын қолданыста болған регламенттері негізінде әзірленді. Құрылтайдың бір палаталы моделін және оның конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесін ескере отырып, отырыстарды өткізу тәртібі біріздендірілді, ал терминология жаңа Конституцияға сәйкестендірілді. Құрылтайда заң жобаларын қарау тәртібі айтарлықтай өзгертілді. Заң жобаларын қараудың үш кезеңді моделі белгіленді. Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады. Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші оқылымда заң…
Елімізде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Диқандар өнімді дер кезінде жинап, ішкі нарықты астықпен тұрақты қамтамасыз етуге күш салып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған басымдықтардың қатарына жатады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар жинаған, бұл жалпы көлемнің 61,6%-ын құрайды. Бүгінде орташа өнімділігі гектарынан 14,1 центнер болатын 13,5 млн тонна астық бастырылды. Биылғы егін жинау жұмыстарының қарқыны былтырғы ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен едәуір озық. Орылған астықтың сапасы да бірдей. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна алтын дән келіп түскен. Салыстыру үшін айтсақ, былтырғы ұқсас кезеңде қабылдау көлемі 552,7 мың тоннаны…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Бұл айтулы күн сабақтастықтың, бірлік пен ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі саналатын сан ғасырлық Норвегия монархиясының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Сіздің қалтқысыз қызметіңіз мемлекетті одан әрі өркендетіп, халықтың игілігін арттыра беретініне сенімім кәміл», деп жазылған жеделхатта. Сонымен қатар Президент ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Сондай-ақ Президент теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.
Бүгін Қазалы ауданында егінге орақ салу науқаны басталды. Дархан дала төсіндегі қызу еңбекті алғаш болып Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» шаруа қожалығының шаруалары бастады. «Агро-Өркен» шаруа қожалығының егіс алқабында өткен орақ салу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандағы зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. Егінге орақ салу рәсімі басталмас бұрын Алмасбек Әбілқасымұлы дала еңбеккерлерін егінге орақ түсуімен құттықтап, Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті. — Бүгін Өздеріңізбен бірге егінге алғашқы орақ салу рәсіміне арналған аудандық «Дала күні-2026» шарасына жиналудамыз. Бұл – тынымсыз еңбектің жемісін көріп, ел ырысын еселеуге бағытталған…
Бүгін қала әкімі Нұржан Сәбитұлы Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Қала басшысы «Құзыреттілік орталығында» орналасқан №222 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Қала әкімі сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. «Бүгінгі сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды сәт. Халықтың белсенділігі – ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан барша тұрғындарды өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, сайлауға белсенді қатысуға шақырамын», – деді Нұржан Сәбитұлы. Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Қала тұрғындары да сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық таңдауын жасауда.
