Автор: apn_admin

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстарын басқару мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте су ресурстарын басқаруға қатысты жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. «Су алу науқанында су шаруашылығы нысандары жұмысының тұрақтылығын, жоспарға сәйкес ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алыңыздар. Сырдария суын егістікке ысырапсыз пайдаланып, Кіші Аралға жіберілетін көлемді жеткізу қажет. Одан бөлек, көлдер жүйесі мен шабындық, жайылымдарды суландыруға ерекше назар аудару керек. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізеді. Биыл су жеткізу қызметінде биллингтік жүйе ресми түрде іске қосылып, су тұтынушылармен электрондық келісімшарт жасау толық аяқталды. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, шаруашылықтар әр…

Read More

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қаражат Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған. 2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған. Осылайша, бөлінген қаражатқа Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаны жүзеге асыру 80%-дан астам тозған магистральды ауыстыруға…

Read More

ҚР Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ орман қоры, мемлекеттік табиғи аумақтар мен ұлттық парктерді өрттен қорғауды күшейтуге кәдеге жарату төлемі қаражаты есебінен 16,9 млрд теңге бағыттады. Қаражат орман өрттерін ерте анықтаудың заманауи жүйелерін енгізуге, ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) сатып алуға, бейнебақылау, байланыс және деректерді беру жабдықтарын жаңартуға, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымды дамытуға жұмсалды. Бұл жүйелер бағдарламалық және техникалық шешімдерді біріктіріп, қорғалатын аумақтарды тәулік бойы бақылауға және өрт белгілері анықталған жағдайда ақпаратты жедел жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Аталған жоба Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Себебі еліміздегі орман алқаптарының үлесі салыстырмалы түрде аз, ал оларды қалпына келтіру…

Read More

2028 жылға қарай Қазақстан балық өсіру көлемін 2,5 есеге арттыруды, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуды және жан басына шаққандағы балық тұтынуды екі еседен астамға (4-тен 9 кг-ға дейін) өсіруді жоспарлап отыр. Бұл үшін салаға инвестиция тартылып, мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда балық өңдеумен жалпы жобалық қуаттылығы жылына 126 мың тоннаны құрайтын 73 кәсіпорын айналысады, оның 20-сы балық өнімдерін ЕО елдеріне экспорттау құқығына ие. Бұл ретте балықтың 50 түрі әлемнің 21 еліне экспортталады. Олардың қатарында Германия, Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей, Қытай және…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жиында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге назар аударылды. «Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміз үшін тарихи кезеңде өтіп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан өзінің даму жолында мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашатын нағыз ұлт Жарғысына айналды. Бүгінде бүкіл құқықтық жүйені…

Read More

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Тастақ», «Жұлдазы», «Саудакент», «Алатау», «Арыстан», «Болашақ», «Арлан», «Сарыарқа», «Рахат», «Қазына» және тағы басқа базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды. Турнир ережесіне сай командалар екі сет ойнауға тиіс болды, егер ойын 1:1 есебімен аяқталса, үшінші сет ойнатылды. Сөйтіп жеңімпаз 2:1 есебімен анықталып отырды. Іріктеу ойындарының нәтижесіне…

Read More

Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді. Турнир екі алаңда қатар өтті. Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда 4 топқа бөлініп, өзара айналма ойындарын өткізді. Бір топта әр команда үш ойыннан өткізіп, ең жоғары ұпай жинаған 2 команда…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаланы көгалдандыру, жол құрылысы және су шаруашылығы нысандарындағы жұмыс барысымен танысты. «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы жасыл желекті көбейтуге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 46 100 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, «KazStroyCapital» ЖШС «Қорқыт ата әуежайы» аумағына, орталық көшелер мен саябақтарға 779 мың біржылдық және 33,8 мың көпжылдық гүл көшетін егіп, 73,5 мың шаршы метр көгал төседі. «Hunter» технологиясына негізделген автоматты суару жүйесі, 45 шақырымнан астам құбыр тартылды. Ал биылға 51 900 көшет отырғызу және суару жүйесін кеңейту жоспарланған. Қазір қаладағы 27 субұрқақ іске қосылды. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалар туралы…

Read More

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай облысындағы жылу желілерін жөндеуге резервтен шамамен 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қаражат алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Семей қаласындағы жылумен қамту нысандарын жөндеуге бағытталады. Семей қаласында 340 мыңға жуық халық тұрады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі 70 мыңнан астам тұтынушыны, соның ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Қаладағы сыртқы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 325,5 шақырым. Желілердің тозу деңгейі 58,2% немесе…

Read More