Дипломын ала сала жыртып тастаған алматылық түлек үндеу жариялап, көпшіліктен кешірім сұрады. Күні кеше колледж түлегі диплом тапсыру рәсімінде түсірілген видеодан кейін көпшіліктің сынына қалған еді. Әлеуметтік желіде тараған кадрда жас жігіт дипломды ала сала жұрт көзінше жыртып тастаған. Бұл әрекет желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілік мұны ұстаздарға, білім ордасына және жалпы білімнің құндылығына құрметсіздік деп бағалады. Ал бүгін, түлек – Дәулет Әбдірахман арнайы видеоүндеу жариялап, болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол нағыз дипломды жыртпаған. Видео үшін алдын ала көк түсті қағаз дайындап, сол қағазды ғана жыртқанын айтты. Жас жігіт бұл әрекетімен ешкімді ренжітуді, ұстаздардың еңбегін жоққа шығаруды немесе білімнің…
Автор: apn_admin
Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген іздеу-құтқару операциясы аяқталды. Құтқарушылар достарымен демалып жүргенде, өзінің туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановтың денесін тапты, деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары Каспий теңізі жағалауының шомылуға арналмаған аумағында жүргізілген. Жас жігіттің денесі бүгін, 15 шілдеде Ақтау қаласынан 51 шақырым қашықтықтан табылды. Оның денесі жағалаудан шамамен 10 метр жерде болған. Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Қазіргі таңда елімізде 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6%-ды құрайды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 62,1%-ға жеткен. Бұл өңірлерде спорт нысандары желісінің тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Министрлік заманауи стадиондар салуға да ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде Қазақстанда 30 ірі стадион бар. Сонымен қатар тағы 15 стадионның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Семей қалаларында…
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен оған іргелес елді мекендер тұрғындары тарапынан “Алматы – Қаскелең” жолындағы көлік қозғалысының жоғары жүктемесіне қатысты айтылып жүрген шағымдарға назар аударды. Президент жолды кеңейту жобасын дереу бастау туралы тапсырма берді. Мердігер осы аптаның соңына дейін қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдыруы қажет. Құрылыс жұмыстарын дүйсенбі, 20 шілде күні бастау керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы сапалы әрі барынша қысқа мерзімде орындалуға тиіс», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Премьер-министр жоба құнының бекітілгенін және оның өсуіне жол берілмейтінін баса айтты. «Жобаны жүзеге асыру мақсатында сатып алынатын жер…
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы II тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 776 кәсіпкер тіркелген. I тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,2%-ға өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Министрлік Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді. Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.…
2026 жылғы маусымда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 108,7 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 126,7 мың түйіндеме орналастырды. Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 25,4%-ға, ал түйіндемелер саны 38,3%-ға артты. Платформадағы еңбек нарығы мамыр мерекелеріне тән маусымдық бәсеңдеуден кейін қайта жанданды. Жұмыс күшінің артуына еңбек нарығына оқу орындарының түлектерінің шығуы да ықпал етті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Салалық құрылым бойынша сұраныс көшін білім беру саласы (19,2 мың бос жұмыс орны) бастап тұр. Сонымен қатар өзге де қызметтер көрсету саласында (16,5 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (12,1 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында (9,5 мың), сондай-ақ құрылыс (8,4…
Оның жарқын мысалын Оңтүстік Қапқаз елдерінің батыл-батыл маневрларынан, Солтүстік Корей мен Қытайдың Ресейді сауын сиырдай жүдетіп, істеген жерден тістеп қалуға тырысуынан анық аңғарамыз… ҚЫТАЙ АМБИЦИЯСЫ: РЕСЕЙ «ҮЛГІЛІ ЕЛДЕН» «КІШІ ІНІГЕ» ҚАЛАЙ АЙНАЛДЫ? «Молда сөзін азаншы қуаттар» дегендей, осы айтқанрдарымызды жуырда әйдік «The Wall Street Journal» басылымы да егжей-тегжейлі зерттеп жазыпты. «Кезінде Владимир Путин Қытай басшысы Си Цзиньпин үшін үлгі тұтарлық тұлға еді. Ал екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара тең дәрежедегі әріптестік ретінде сипатталатын. Қазір бәрі өзгерді. Ресей мен Қытай арасындағы байланыстың сипаты түбегейлі өзгерген. Кремль қожайынының ықпал әлрісеп, «серіктес ел» дәрежесінен тәуелді «кіші ініге» айналған. Мұның басты себебі – төртінші…
Халықтың нақты табысы 0,1%-ға өсті, ал экономикадағы жалпы жұмыспен қамту 9,4 млн адамға жетті. Бұған жылдық инфляцияның баяулауы ықпал етті, ол маусым айында 10,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жаңа өндіріс орындары мен жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары қабылданды. «Экономикада жұмыспен қамтылу өсуді жалғастырып, 9,4 млн адамды құрады. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны – 4,5 млн адам. Жұмыспен қамтуға және жалпы экономикалық белсенділікке айтарлықтай теріс әсер байқалмайды», – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика…
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. Трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені немесе жоспарға 100,6%-ды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды құрады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдері 29%-ға өсті немесе 1,9 трлн теңгеден астамды құрады. «Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсенділігі оң әсер етті. Бұдан бөлек, электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12%-ға немесе 10,8 трлн теңгеге…
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2026 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, салалық министрліктердің басшылары мен өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Биылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин нақты сектор 5,1%-ға, қызмет көрсету 3,5%-ға өскенін баяндады. Сондай-ақ құрылыста – 15,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 9,8% және көлік қызметтерінде – 7,1% оң қарқын байқалды. Сауда көлемі 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға, байланыс қызметтері…
