ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі таңда Министрлік цифрлық өндірісте, роботтандырылған жүйелерде және жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істей алатын инженерлерді даярлау жүйесін қалыптастырып келе жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. Автомобиль өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау еліміздің 19 жоғары оқу орнында 34 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Автомобиль өнеркәсібіне қажетті инженерлік бағыттар бойынша 4 мыңға жуық студент білім алуда. Биыл осы бағыттарға 3 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. «Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемдік деңгейдегі мамандар даярланады. 176 маман даярланды, қазіргі уақытта 23…
Автор: apn_admin
Қазақстанда тамыз айының соңында телекоммуникация саласындағы заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Мемлекет басшысы 19 маусымда қол қойған заң байланыс қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейді. Атап айтқанда, азаматтарға eGov, eGov Business, eOtinish және Aitu сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар және мемлекеттік мобильді қосымшаларды тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау қызметі мемлекеттік реттеуге өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Досжан Мұсалиев мәлімдеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ұялы телефондарды верификациялау тетігі іске қосылған бір жыл ішінде оң нәтиже байқалған. «Сонымен қатар өткен бір жыл ішінде заңнамадағы кемшіліктер, түрлі олқылықтар мен қайшылықтар туралы…
Қазақстанда кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары қабылданып жатыр. Былтыр байланыс операторлары жанынан антифрод-жүйелер құруды көздейтін заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, алаяқтық схемалар үнемі жетілдіріліп отырады. Сондықтан техникалық және құқықтық шаралармен қатар халықтың киберсауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Досжан Мұсалиев мәлімдеді. «Тәжірибе көрсеткендей, пайдаланушылар цифрлық қауіпсіздік қағидаларын өздері сақтамаса, ең заманауи технологиялардың өзі толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Осы мақсатта мемлекет азаматтарға өздерінің қорғалу деңгейін дербес арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық сервистерді енгізді», – деді спикер. Осылайша, тегін цифрлық сервистер мен білім беру платформалары іске қосылды. eGov Mobile қосымшасындағы «Стоп-кредит»…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков автомобиль жолдарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Шиелі ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 325,9 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы – республикалық, 100,5 шақырымы – облыстық, 145,4 шақырымы – аудандық маңыздағы жолдар. Бүгінде аудандық маңыздағы жолдардың 94,9 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, облыстық және республикалық жолдар 100 пайыз асфальтталған. Ауданда бюджеттен тыс қаражат пен демеушілердің қолдауымен жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Шиелі–Тайқоңыр» автомобиль жолының 13 шақырымы 2,5 млрд теңгеге толық күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, «Самара–Шымкент» бағытындағы 8 шақырым автомобиль жолын…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков электрмен жабдықтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бүгінде Шиелі ауданында жалпы ұзындығы 883,3 шақырым электр желісі мен 609 қосалқы станция халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Соңғы екі жылда электр желілерін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 78 пайыздан 43 пайызға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен Бидайкөл, Жиделіарық және Ә.Тәжібаев ауылдарында сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысына 57,6 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Бәйгеқұм және Ш.Қодаманов ауылдарындағы 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков білім беру саласында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Бүгінде Шиелі ауданында 37 мемлекеттік мектеп, 1 жекеменшік мектеп, 18 мемлекеттік және 65 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Ауданда үш ауысымды мектептер жоқ, бұл оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Білім сапасының негізгі көрсеткіші саналатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа балы 85,7 болып, Шиелі ауданы облыс көлемінде 3-орынға көтерілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 84,3 балл болып, аудан 4-орында болған еді. Биыл аудан мектептерін тәмамдаған түлектердің 109-ы «Үздік аттестат», ал 93-і «Алтын белгі» иегері…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Бүгінде Шиелі ауданында халыққа 250 төсек-орындық көпбейінді аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, 1 Көкшоқы ауруханасы, 19 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет және 13 медициналық бекет қызмет көрсетуде. Аудан тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылы аудандық ауруханаға қосымша блоктың құрылысы аяқталды. Биыл 650 млн теңгеге магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараты орнатылып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл өз кезегінде күрделі диагностикалық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков абаттандыру, экология және жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аудан орталығын көркейту мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Базар арығы» каналының бетондау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жалпы құны 553 млн теңгені құрайтын жоба аясында 1,2 шақырымы аяқталып, қалған бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Шиелі кентіндегі 9 көшеге жаңа түнгі жарық шамдары орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалуда. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би және Қыш ата кесенелерінің…
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионына барды. Бірегей нысанда жасыл алаңнан бөлек бокс, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетика және күрес түрлеріне арналған арнайы жаттығу залдары қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда грек-рим күресі мен таеквондо үйірмелері ашылып, спортшылар күнделікті жаттығуда. Алдағы қыркүйек айынан бокс және дзюдо секциялары да өз қызметін бастайды. Аймақ басшысы үйірмелер жұмысымен танысып, спортшылардың жаттығуына қажетті құрал-жабдықтардың сапасына, материалдық-техникалық базасына назар аударды. Бұдан кейін сол жағалауда бой көтерген 7 қабатты 84 пәтерлік алты тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Құрылысына 12,5 млрд теңге бөлінген жобаның бас мердігерлері – «Дәнекер» және…
Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті: Мұхтархан Батырхан — Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, алтын медаль жеңіп алып, халықаралық экономика олимпиадасының екі дүркін алтын жүлдегері атанды. Кемелов Динмухаммед – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль. Жапаров Альтаир – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып…
